В-лимфоциттер — құстардағы клоака (Фабриций) қапшығы лимфоциттері іспеттес. Адам мен жануарлар денелерінде аталған қапшықтын болмауына байланысты, клоака қапшығының сүйек кемігі майынан келген лимфоциттердің мамандануына ықпал ету қызметін ащы ішектің, оның ішінде мықын ішектің кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады деген болжам бар.
В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты.
Қорытынды Макроағзаның иммунды қорғанысының бағытталып жүретінінің себебінің бірі иммундық жүйе (ИЖ) жасушаларының сыртқы мембранасында спецификалық антигендік рецепторларsның болуы. Қабылдау механизміне сәйкес олар тікелей және жанама әсерліге бөлінеді. Тікелей әсерінің нәтижесінде олар антигендермен тура байланысады. Лимфоциттердің бірталай субтүрлері міндетін осындай жолмен атқарады. Жанама әсер етушілер антиген мен иммундыглобулиндердің Fc – бөлігі арқылы міндетін атқарады. Бірақ, бұл жолмен жүретін процестің нәтижесі Fc- бөлігінің қасиеттеріне байланысты. Айтылған жолмен макрофагтар, табиғи киллерлер, эпителиялық дендриттік жасушалар жұмыс атқарады.