Кіріспе Иммундық жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Жоспары Жоспары
Иммундық жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
Иммундық жүйенің қызметі:
организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;
Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.
Иммундық жасушалар(лат. immunocytus immunis — бір денеден босау, арылу, құтылу; грекше kytos — жасуша) — адам мен жануарлар организмдерінің бактерияларга, вирустарга және басқа да бөгде заттарға (антигендерге) қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз ететін жасушалар. Иммундық жүйе жасушаларын иммуноциттер деп атайды. Иммуноциттердің негізгі көзі — көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар. Олар сүйектің қызыл кемігі майында дамып жетіледі. Иммундық жүйенің қызметі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Организмнің иммундық қорғанысын жүзеге асыратын жасушаларға: лимфоциттер (Т-, В-) мен плазмоциттер, макрофагтар жатады.