Сабақ реті 19 Cабақтың тақырыбы: §19. Жануарлардағы және гүлді өсімдіктердегі ұрықтану



Дата27.07.2017
өлшемі38,88 Kb.
#22023
түріСабақ
Сабақ жоспары
Оқу ісінің меңгерушісі -------------------------------------------------------
Күні Пәні Биология. 9 -сынып. Сабақ реті 19
Cабақтың тақырыбы: §19.Жануарлардағы және гүлді өсімдіктердегі ұрықтану.

Сабақтың мақсаты:

1. Жануарлардағы және гүлді өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік беру.

2. Жұмыртқа жасушасы, орталық жасуша, ұрық қапшығы, қосарлы ұрықтану, ұрықтанудың биологиялық маңызын түсіндіре отырып, олардың сөздік қорларын,ой-өрістерін, дүниетанымдарын дамыту.

3.Өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ



Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат

Пәнаралық байланыс: ботаника, зоология

Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатынасуын және дайындығын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жынысты көбею деген не?Оның жыныссыз көбеюден айырмашылығы?

2. Өсімдіктер мен жануарларда жыныс жасушалары қайда дамып жетіледі?

3. Мейоздық бөліну қалай жүреді?

4. Сперматогенез дегеніміз не?

5. Овогенез дегеніміз не?

6. Мейоздық бөліну нәтижесінде не түзіледі?

7. Мейоздың биологиялық маңызы?



ІІІ.Жаңа сабақ .

Жануарлардың ұрықтану ерекшелігі.

Әрбір жасушаның ядросы кішірейіп , сперматозоидтің бас бөлімінде , цитоплазмадан сперматозоидтің мойын бөлігі мен құйрық бөлімі түзіледі.

Цитоплазма органоидтерінен тек Гольджи жиынтығы , митохондриялар , центриолдар қалады. Артық цитоплазма сыртқа шығарылады. Сперматозоидтің бас бөлімінің алдыңғы жағында Гольджи жиынтығы орналасып, акросомаға айналады. Акросоманың қызметі - жұмыртқа жасушасының мембранасын ерітетін фермент бөліп шығару.

Құйрығының жоғарғы жағында митохондриялар жинақталып, мойын бөлімін құрайды. Митохондриялар сперматозоидтің қозғалысын энергиямен қамтамасыз етеді.

Ал центриольден басталатын құйрық бөліміндегі талшығы сперматозоидті

қозғалысқа келтіреді. Омыртқалыларда жұмыртқаларының негізгі массасын қоректік заты- сарыуыз түзеді. Ол бауырда түзіліп, қанмен аналық безіне барады да, жұмыртқа жасушасына барып жинақталады.

Сарыуыздың құрамында ұрықтың дамуына қажетті қоректік заттар болады. аРНҚ ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде түрлі нәруыздардың түзілуін қамтамасыз етеді.

Ұрықтану.Жетілген сперматозоидтер сұйықта қарқынды қозғалып, жұмыртқа жасушасын қоршайды.Гольджи жиынтығынан бөлінген ферменттер жұмыртқа жасушасының сыртындағы мембраналы қабықшаны ерітіп жібереді. Сперматозоидтің ядросы мен жұмыртқа жасушасының ядросы , цитоплазмалары қосылады.

Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшеліктері.

Жабықтұқымды өсімдіктерде қосарлы ұрықтану жүреді. Оны 1898 жылы орыс ғалымы С.Г.Навашин ашқан. Алғашқы аналық диплоидті жасушадан мейоздық бөлінудің соңында хромосома жиынтығы гаплоидті болатын 4 жасуша түзілетіні айтылады. Оның үшеуі еріп кетеді де, қалған ірі жасушаның қосымша қоректік затына айналады. Осы ірі жасуша гүлдегі аналық жатынның ішінде митоз жолымен 3 қайтара бөлініп, нәтижесінде 8 ядролы ұрық қапшығы пайда болады. Олардың аналық аузына жақындау орналасқан ірілеу бір ядросынан аналық жасуша, жатынның орта шенінде орналасқан екі ядроның қосылуынан екі ядролы орталық жасуша түзіледі.

Қалған ядролар қосалқы жасушалар түзіп, ұрықтануда айтарлықтай рол атқармайды. Барлық жасушалардағы хромосомалар жиынтығы гаплоидиті.

Екі спермийдің бірі жұмыртқа жасушамен қосылады. Түзілген диплоидті жасушадан ұрық дамып жетіледі. Екінші спермий ұрық қапшығының ортасындағы диплоидті жасушамен қосылады. Нәтижесінде триплоидті яросы бар жасуша түзіледі. Одан ұрықтың өнуіне қажетті қоректік заттар жинақталатын эндосперм түзіледі.



Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

1.Сол организмге тән диплоидті хромосомалар жиынтығы қалпына келеді.

2.Жаңа организмде ата-анасының екеуініңде белгілері болады.

3. Жаңа үйлесімдер жарыққа шығады.



IV. Бекіту

  1. Жануарлар мен өсімдіктердің жынысты көбеюіндегі ұқсастық.

  2. Өсімдіктердің жынысты көбеюіндегі өздеріне тән қандай ерекшелік бар?

  3. Гүлді өсімдіктердің жыныс мүшелерінің құрылысы қандай?

  4. Қосарлы ұрықтану деген не?

  5. Ұрық, тұқым деген не?

  6. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

V.Үйге тапсырма:§19.Жануарлардағы және гүлді өсімдіктердегі ұрықтану.

IV . Білімді бағалау.

VII.Сабақты қорыту.Жаңа ұғымдар мен термин сөздер арқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет