Лабораториялық ЖҰмыс №3. «Достық» қолданушы интерфейсін құру



бет51/59
Дата07.02.2022
өлшемі2,43 Mb.
#83085
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
интерфейс пр мет

Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі:

  1. Джеф Раскин. Интерфейс: новые направления в проектировании компьютерных систем. – Пер.с англ. – СПб.: Символ-Плюс, 2003.

Қосымша:
1. Гультяев А.К.,Машин В.А.Уроки WEB-мастера.Технология и инструменты: Практическое пособие.Спб.:КОРОНА,2001.
2. Ганеев Р.М. Проектирование интерактивных WEB-приложений: учебное посоьие - М.: Горячая линия-Телеком,2001.


Қосымша (ТҚО, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №8 (1 caғ)
Ақпаратты енгізетін және шығаратын аппарат құралдарын зерттеу


Жұмыстың мақсаты
1 Ақпаратты енгізудің аппараттық құралдарын зерттеу
2 Ақпаратты шығарудың аппараттық құралдарын зерттеу


Қажетті оқу-лабораториялық құрылғылары:
Қысқаша теориялық мәлімет
Ақпаратты енгізу құрылғыларының сипаттамасы.
Енгізу құрылғыларына мыналар, яғни олар арқылы компьютерге ақпарат енгізуге болатындар жатады. Олар:
Механикалық тышқан – ішінде шарик болады. Шарикті айнала роликтер қоршаған. Тышқанды столға сырғатқан кезде, роликтің біреуі курсорды жоғары төмен қозғалтса, ал екінші ролигіміз курсорды оң жақ пен сол жаққа бағыттайды.
Оптикалық тышқан – мұнда шариктің орнында жарық сәулесі болады. Оны арнайы координаттық торкөзбен жабылған кілемшеге жүргізеді.
Трекбол – компьютер корпусына қондырылған (клавиатураның жанында) шарик. Оның орнын ауыстыра алмаймыз, бірақ айналдыруға болады.
Клавиатура – ақпаратты енгізудің механикалық құрылғысы. Ол 101-105 пернеден тұрады: құрамында әріп, символ және цифр пернелері, сонымен қатар функционалдық пернелер (F1-F12) бар. Тағы да курсорды басқаратын пернелер бар (оларда тілше суреттері көрсетілген). Клавиатураның сол бөлігінде цифрлармен берілген пернелер орналасқан – олар цифр енгізудің ыңғайлату үшін арналған қосымша пернелер зонасы. Клавиатураның көмегімен біз компьютерге ақпарат (әріп пен цифр) енгіземіз. Бұл ақпарат енгізудің ең баяу тәсілі.
Сканер – бұл компьютерде графикалық және ақпаратты оқитын құрылғы. Текстік болсын, графикалық болсын, ақпаратты енгізудің ең оңай тәсілі сканер арқылы енгізу. Кейде компьютердегі арнайы бағдарламалық қамтама арқылы сканерленген парақтағы жазудың басып шығарылған немесе қолмен жазылғанын ажыратуға болады. Столға қонымды типтегі сканерлер парақты түгелдей өңдейді. Енгізілетін бейненің сапасына қарай сканерлерді түрлі түсі және қара-ақ түсті етіп бөлуге болады. Оларды түстерінің санына және сұр түстің реңіне қарай ажыратамыз. Сканер кеңейтілімінің екі түрі бар: оптикалық және интерполяцияланған. Оптикалық кеңейтілім – сканердің ең негізгі техникалық сипаттамаларының бірі. Нүктеден дюймға (dpi) дейін көрсетіледі. Көрсеткіш қаншалық жоғары болса, түпнұсқадан түсірілген ақпаратымыз соншалық анық болады. Оптикалық кеңейтілім көлденеңнен (Х осі) ПЗС-матрицасымен анықталады, ал тігінен (Y осі) каретканы жылжытқан кезде сканер қозғалтқышын жасауға мүмкіндік беретін дюйм бойынша қадам санымен анықталады. Осымен байланысты көптеген өндірушілер кеңейтілімді шынында аса жоғары болуы үшін көлденеңінен және тігінен әр түрлі мәндер береді. Интерполяцияланған – бұл жасанды үлкейтілген кеңейтілім. Ол жеткіліксіз нүктелердің математикалық есептелінуі жолымен пайда болған (интерполяция әдісімен). Ол арнайы алгоритмдер көмегін қолданған драйверлермен жүзеге асады. Іс-тәжірибеде өте сирек қолданылады.
Телекамера – арнайы қондырғы арқылы қосылған құрылғы. Ол арқылы компьютерге видеобейне («тірі видео») енгіземіз. Бұл ақпаратты кейін спецэффектілер құру мен фильмдерге трюк орнату үшін қолдануға да болады.
Дигитайзер – компьютерге графикалық ақпарат енгізуге арналған тышқанға ұқсас құрылғы. Дигитайзер көмегімен қағаз бетіндегі сызуды немесе функция графигін компьютерге нүктеден бастап енгізуге болады. Бұл құрылғы көзделініп (лупа) жасалынған. Яғни, оператор өзіне лайықты нүктені көрсете алады. Егер нысанаға түймені бассақ, нүкте координаталары сол жерге бекітіледі. Сол тәсілмен компьютерге сызбаның сипаттамалық нүктелерін енгізуге болады. Кейін соған сызықтар орнату мүмкіндігі бар.
Жарықтық перо – жалғанған сымы бар қаламсапты еске түсіретін құрылғы. Бұл құрылғы тышқанмен ұқсас келеді: тышқанды кілемшеге қозғалтсақ, жарықтық пероны экран бетіне қозғалтамыз. Жарықтық пероның ішінде арнайы элемент – фотодиод болады. Ол пероны көрсеткен экран орнындағы жарықтық мөлшерін өзгертіп отырады. Жарықтық пероны түрлі мақсатта қолдануға болады. Мысалы: графикалық бағдарламаларда карандашпен парақ бетіне сызған сияқты жарықтық перо көмегімен экран бетіне сызуға болады. Жарықтық пероның кемшіліктері бар. Солардың біреуі – барлық уақытта қолға ұстап тұра алмаймыз, салмақ түсіріп шаршатады. Екіншісі экран бетін қаптап қоюуымызға тура келеді. Сондықтан қазір жарықтық перосын мүлдем қолданбайды.
Сенсорлы экран – жарықтық перосымен байланысты, негізгі құралы адам саусақтары болып саналатын, бағдарламамен өзара әрекеттестікті көрсетеді. Мұнда адам саусақтарының экранға жақын-алыстығы байқалады.
Джойстик – автомобильді немесе ұшақты басқару руліне ұқсайды. Рычагты бұру арқылы экрандағы курсордың орын ауысып отыратынын байқаймыз. Рычаг қаншалық көп бағытқа ауытқыса курсор соншалық қозғалады. Көбінесе ойындарда қолданылады.
Графикалық планшет – контурлық бейнелерді енгізуге арналған құрылғы. Оны тағы да қауырсынды планшет деп те атайды. Графикалық планшет арқылы компьютерге тікелей сурет салуға болады. Планшеттің дигитайзерден айырмашылығы көп емес. Бекітілуі нысананы көздегенде түймені басу арқылы емес, автоматты түрде секундына 100000 рет болады. Бұл күрделі сызықтарды сканермен бір деңгейде байқауға мүмкіндік береді. Жаңа планшеттерде егер қолыңызда жұқа жаққыш болса да сызықтарды түрлі жуандық пен жарықтықта салуға болады. Компьютер сызуды ұсақтап емес, сызықтап қабылдайды. Қиын тапсырмалар оңайлатылады – қолжазбалық тексті тану мен жазбаның шынайылығын тексеру. Негізгісі суретшінің жұмыс әдістерінің қолайлылығына дағдылануы.
Трекпад (сенсорлы планшет) – арнайы перо арқылы ғана емес, қарапайым саусақпен де сезінуге болады. Мұндай “қадағалаушы планшет” дәлдік жұмыстарға қолайлы емес. Бірақ оны компьютердің қабылдау мүмкіндігінше өлшемін қысқартуға болады. Әрине сурет салу мүмкіндігінше емес, жылжыту көрсеткішіне дейін.
Сөйлеп енгізу мен дыбыс тану құрылғылары. Сөйлеп енгізуге нені айтуға болады? Компьютердің пайда болуынан алдын, адамдар дыбыс, ән жаза алды, оларды арнайы сақтауыштарда (граммафондық пластинкалар, магниттік ленталар) жазды. Бұл мақсатта микрофондар қолданылды, олар дыбыстиық тербелісті дәл сол жиілікте электрлікке айналдырды. Компьютерге ақпарат енгізуде микрофон дәл магнитофондағыдай қызмет атқарады. Кейін арнайы электрлік схема (аналогты-цифрлық түрлендіруші) микрофонннан келіп түскен сигналды компьютерлік өңдеу мен магнитті дискілерде сақтауға болатындай етіп түрлендіреді. Дыбыс танушы жүйелер туралы айтқанда мынадай екі аспектіге тоқталуға болады: біріншісі, басқаның дыбыс тану, екіншісі оны экранда көрінетіндей немесе компьютер жадында сақталатындай етіп текстік түрге түрлендіру. Бірінші тип қарапайым, ол дыбысты түрлендірмейді, тек «таниды». Бұл көбінесе бөлек деректерді қорғау үшін пароль ретінде немесе компьютерге қол жеткізу ретінде қолданылады. Екінші типтік жүйе сәл күрделі әрі интелектуалды. Олар тек қана бір сигналды екіншісіне түрлендіріп қоймайды (аналогтық сигналды цифрлық сигналға), сонымен қатар дыбыстық ақпаратты компьютер жадында көрсетіп, экран бетінде текстік түрде шығарады. Бұл проблеманы шешу арқылы адам компьютермен табиғи түрде байланысады – дауыс арқылы. Кейде бұл жүйе онымен жұмыс істейтін адамның (бірнеше адамдардың) дауысына тембр дауысын қайтадан баптауды қажет етеді.
Қолтаңбаны тану жүйелері. Қолтаңбаны тану жүйелерінде енгізу құрылғысы ретінде сканермен қатар графикалық планшетті де қолдануға болады. Осы құрылғылардағы жүйелерге арнайы бағдарламалық қамтамалар орнатады. Олар қолтаңбаны басып шығару текстіне түрлендіреді. Компьютер жадысында қолтаңбалардың үлгілері ретінде анонимдық автор хатын, жазбасын анықтауға болады. Мысалы, ол криминалистикада қолданылады.
Енгізудің басқа жүйелері (датчиктер). Соңғы уақыттарда енгізу құрылғыларында жаңа технологиялар қолданылуда. Мысал ретінде көз қарашықтарының орнын байқап отыратын құрылғыларды айтуға болады. Осындай құрылғыны қолдана отырып экрандағы көрсеткішті көзқараспен жылжытуға болады. Бұл сал адамдарға компьютермен іс-тәжірибелік жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Комплекстік техникалық басқаруда компьютерді қолданғанда енгізу құрылғысы болып датчиктер (түстің интенсивтілігін анықтайтын, орнын, радиациялық фонын, температуралық, ауа дымқылын, газдылығын анықтайтын температуралық және т.б.) есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет