Лабораториялық ЖҰмыс №3. «Достық» қолданушы интерфейсін құру



бет44/59
Дата07.02.2022
өлшемі2,43 Mb.
#83085
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
интерфейс пр мет

Жұмыстың орындалу реті
Студент ұсынылған варианттардың бірін таңдайды.

  1. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Кез - келген команданың орындалуына клиент серверге сұраныс жібереді. Сервер сол команданы орындайды және клиентке нәтижесін қайтарады.

  2. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Көрсетілген директориядан белгілі бір көлемі бар файлдарды беру жөнінде клиент серверге сұраныс жібереді. Сервер көрсетілген директорияны сұрыптайды және клиентке сұранысты қанағатандыратын файлдар тізімін жібереді.

  3. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Серверге жаңа клиент қосылған кезде, оған қосылып қойған клиенттерінің ІР – адресінің тізімін жібереді. Ал қалған клиентердің барлығына ІР – адрес түрінде, жаңа клиенттің қосылғаны жөнінде хабарлама жіберіледі.

  4. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Клиент сервермен байланыс орнатудан бұрын пароль енгізуі тиіс. Үш мүмкіндік беріледі. Егер пароль дұрыс емес болса, одна сервер клиенттің ІР – адресін 5 - минутқа блоктауы қажет.

  5. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Клиенттер белгілі бір файлды алу үшін, бірінші серверге қосылады және сұраныс жібереді. Егер бірінші серверде бұл файл жоқ болса, онда олар екінші серверге қосылады да файлды іздейді. Содан соң табылған файл клиентке жіберіледі немесе ондай файл жоқ деген хабарлама жіберіледі.

  6. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Серверге бір уақыт мезетінде тек бір клиент қана қосыла алады. Қалған клиенттер кезекке енгізіледі және оларға сервердің босатылуын күту туралы хабарлама жіберіледі.

  7. Клиент – сервер өзара қатынас типін ұйымдастыру. Клиент серверге жолды жібереді. сервер берілген жолды басқа серверлерге жібереді, олардың тізімі файлда сақталады, ал сол жерде осы жолдан тұратын файлды іздейді. Іздеудің нәтижесі клиентке жіберіледі.

  8. Сервердің DNS эмуляциясы. Клиент «Сервердың аты» серверімен байланусуға сұраныс жасайды және dns.url файлында сақталатын сервер ІР - іне бірігеді. ІР-адрестермен сервер аттарының сәйкестігі жөнінде DNS-серверінде файлда сақталатын тізімі бар. Егер клиент сұраныс жіберген «сервер аты» жоқ болса, онда DNS басқа серверлермен байланысады, олар dns.url файлында сақталады. Егер сервер табылмаса, онда оған сәйкесінше хабарлама жіберіледі.

  9. Чатты ұйымдастыру. Клиенттер сервермен байланысады. Сервер байланыс кезінде белгілі болатын , бірігу кезінде клиенттің атын сұрайды. Сервер байланысқа түскен клиенттердің ІР - адрестерімен мен олардың аттарын сақтайды. Әрбір клиенттің барлық хабарламалары басқа клиенттерге «клиент аты»-«хабарлама» түрінде жіберіледі. Кез-келген клиент немесе жаңа клиент байланысқа түскен кезінде де сервер барлық клиенттерге хабарлама жібереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет