Қажетті құралдар мен жабдықтар: Бидай және тритикалe дәндері. Стерильді Петри табақшасы, автоклавталған дистилденген суы бар колбалар, стерилизациялаушы ерітінділер, ламинар-бокс, 96 % спирт, мақта, спиртовка, пинцеттер, сүзгіш қағаз.
Жұмысты орындау реттілігі:
1. Сау 30 бидай немесе тритикале дәндерін ірікгеп аламыз.
2. Стерилизациялаушы ерітіндісі бар (6 % хлорамин, 6 % гипохлорит кальция, 96 % спирт, сулема 0,1 %, ампициллин 400 мг/л, су) Петри табақшасының әрқайсысына 5 дәннен салып, ламинар-бокске қоямыз. Стерилизациялау уақытын тәжірибелік негізде алынады (әрбір студенттер тобы үшін 5 минут аралықпен).
3. Тұқымнан стерилизациялаушы ерітіндіні дистилденген
автоклавталған сумен шаямыз.
4. Тұқымдарды өндіру үшін стерильді сүзгіш қағаз орналастырылған Петри табақшасына салып аздаған дистилденген су құямыз.
5. Петри табақшасын жауып өндіру үшін термостатка коямыз.
6. Зерттеу нәтижелерін бір аптадан соң суретке түсіреміз.
Стерилизациялаушы ерітінділердің тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдік түрлерінің залалсыздану әдістері.
2. Жабдықтардың залалсыздану әдістері.
3. Өсімдік түрлерінің залалсыздану ұзақтығы неге байланысты.
4. Залалсызданатын ерітінділер, жұмысшы концентраттар, олардың
дайындалуы.
Өсімдік мүшелерінің түріне байланысты эксплантты бөліп алу әдістемесі.
Тапсырмалар: Донор өсімдігін анықтауды, олардан эксплаптты бөліп алуды үйрену.
Әдебиеттер тізімі:
Әлмағамбетов К.Х. Биотехнология негіздері. Астана, 2006. 213 б.
Щелкунов С.Н. Генная инженерия. Новосибирск. Изд-во Новосибирского государственного университета. 2004.
Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері. Астана. 2007. – 208 бет.
Г.Ж.Уәлиханова. Өсімдік биотехнологиясы: Оқуық. Алматы: "Қазақ. университеті", 2001.
Тұрышова С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқуық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-260б.