Жұмыстың орындалу әдістемесі
Заттың электрохимиялық эквивалентін табу үшін электролиттік ванна 42-суреттегі схемада көрсетілгендей етіп тізбекке қосылады.
41-сурет 42-сурет
Бөлініп шығатын металл катодқа қонады. Сондықтан катодты мұқият тазалап барып, сосын өлшейді. (1) теңдеуден: мұндағы M1 мен М2катодтың тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі массасы, I- ток күші, t- ток өтетін уақыт.
Электролиз кезінде токтың тығыздығы -тан аспауы керек. Сондықтан токтың шекті мәні мына шарт бойынша есептеледі: мұндағы S- катодтың ертіндіге батырылған бөлігінің ауданы. Тәжірибе кезінде өтетін токтың күші шекті мәнінен кем бүтін сан болатындай етіп алынады. Токтың тығыздығы -тан үлкен болса, катодқа қонған зат кеуек және үгілгіш болады.
Ток жүретін уақытты (t) анықтауда мынаны ескеру керек: өлшеу дәлдігі мен тәжірибенің ұзақтығы бір-бірімен тығыз байланысты. Неғұрлым ұзағырақ болса, соғұрлым өлшеу дәлдігі жоғарырақ болады. Қателер теориясы бойынша: , t көбірек болса, m да көп болады да, оң жағындағы қосылғыштардың қосындысы азаяды, яғни kшамасының өлшеу дәлдігі артады. Егер k-ны 1%-ға дейінгі дәлдікпен табатын болсақ,онда
демек
(5)
(5) өрнектегі - массаны өлшеудегі салыстырмалы қате. t-ның кейбір мәнінде mсоншалықты артады да, қатынасы мен қосылғыштардың шамасымен салыстырғанда көп азайып кетеді. Бұл жағдайда қосылғышын ескермеуге болады. Сонда шығатыны:
(6)
І шамасын амперметрдің дәлдік класы бойынша табуға болады. Егер амперметрдің дәлдік класы γ, ал оның шекті тогы Іо болса, онда дәлдік класының анықтамасынан болады. Осыдан
(5) және (6) теңдеулерді біріктіріп шешіп және t=1 с тең деп, ток өтетін уақыттың минималь мәнін табуға болады. Практикада ток жүретін уақытты бүтін сан, бірақ минималь уақыттан үлкен етіп алады, неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |