Жұмыстың орындалу тәртібі
1-тапсырма. 51-сурет бойынша схема құрыңыздар да, лабораториялық трансформатордан (ЛАТР) (10-20 В) айнымалы кернеу беріп, актив кедергісі бар тізбек үшін Ом заңының дұрыстығын тексеріңіздер.
60-сурет
2-тапсырма. 60-сурет бойынша схема құрып, ЛАТР-дан (0-50 В) аралығындағы әр түрлі кернеу беріп, (10) теңдіктің орындалуын тексеріңіздер.
3-тапсырма. Омметрмен катушканың омдық кедергісін өлшеңіздер де, оның ықтималдық немесе шекті қатесін анықтаңыздар. Катушканың белгілі индуктивтігі бойынша оның индуктивтік кедергісін және оның шекті қатесін табыңыздар. Осыдан кейін 53-суреттегі схеманы құрып, тізбекке ЛАТР-дан құралдардың стрелкасы шкаладан асып кетпейтіндей етіп айнымалы кернеу беріп, индуктивтік кедергі қосылған тізбектің бөлімшесі үшін Ом заңының дұрыстығын тексеріңіздер.
4-тапсырма. Сыйымдылығы белгілі конденсатордың сыйымдылык кедергісін және оның шекті қатесін табыңыздар. Сосын 55-суреттегі схеманы құрып, тізбектің сыйымдылық қосылған бөлімшесі үшін Ом заңының дұрыстығын тексеріңіздер.
5-тапсырма. 61-суреттегі схеманы құрып, толық кедергі қосылған тізбек үшін Ом заңының дұрыстығын тексеріңіздер.
61-сурет
СОЗЖ үшін тапсырма. 53-суреттегі схемаға дыбыс генераторынан кернеу түсіріп, индуктивтік кедергінің ток күшіне тәуелділігін зерттеңіздер.
Бақылау сұрақтары
1. Айнымалы ток тізбегіндегі амперметр мен вольтметр қандай шамаларды өлшейді?
2. және теңдігін дәлелдеңіздер. Неліктен бұл шамаларды реактив кедергілер деп атайды?
3. Электрлік резонанс құбылысын түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |