Жұмыстың орындалу әдістемесі 1. Құралдарды тізбекке қосқанда полюстерінің таңбасын сақтай отырып, 1-схеманы құру. Реостаттың жылжығышын максималь кедергіге қою керек. Егер құралдың өлшеу шегі бірнешеу болса, өлшеудің ең үлкен шегіне қойып, кілтпен тұйықтайды.
2. Реостаттың жылжығышының орнын ауыстыру арқылы құралдардың барынша қолайлы шегі таңдап алынады.
3. Вольтметрдің rvкедергісін есептеу. Вольтметрдің кейбір түрлерінде бұл кедергі құралдың өзінде жазылған. Өлшеу шегі көбірек вольтметрлерде Imaxток көрсетіледі. Мұндай құралдың кедергісі:
формуласымен есептеледі, мұндағы Uo- кернеудің тандап алынған мәні.
4. Вольтметр мен амперметрдің көрсетуін жазып алып (12) формуламен Rxмәні есептелінеді.
5. 2-схеманы кұру.
6. Амперметрдің rА кедергісін есептеу. Амперметрлердің кейбір түрлерінде rА тікелей көрсетіледі. Бірнеше өлшеу шегі бар құралдарда потенциалдардың айырымы Umaxкөрсетілген. Ондай құралдарда кедергі мына формуламен есептеледі:
мұндағы Іо - токтың сайлап алынған шегі.
7. Вольтметр мен амперметрдің көрсетуін жазып алып, (13) формуламен Rxмәнін есептейді.