Жұмыстың орындалу тәртібі
1-тапсырма. 28-сурет бойынша схема құрып, алмастыру әдісімен берілген кедергілерді өлшеңіздер.
2-тапсырма. Шектеуші кедергіні тауып, гальванометрдің шкаласын омға градуирлеңіздер (10-15 нүкте).
3-тапсырма. Өздеріңіз градуирлеген омметрмен берілген кедергілерді қайтадан өлшеңіздер.
4-тапсырма. Графиктен шкаланың басы мен соңы үшін дайындалған омметрмен өлшенген кедергілердің өлшеу дәлдігін анықтаңыздар.
5-тапсырма. Техникалық омметрдің заводтан жіберілген паспортынан пайдалану режимін оқып үйреніңіздер. Берілген кедергілерді заводтық омметрмен өлшеңіздер.
6-тапсырма. Сол кедергілерді вольтметр әдісімен өлшеңіздер.
СОЗЖ үшін тапсырма. Берілген әдістердің әрқайсысымен жеке-жеке өлшенген кедергінің дәлдігін бағалаңыздар және нәтижесін салыстырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |