Жұмыстың орындалу әдістемесі:
1. 45-суреттегі схема бойынша тізбекті жинап, тангенс-гальванометрдің орамын (N1) ток көзіне қосамыз.
2. Тангенс-гальванометр катушкасының жазықтығын магнит тілінің бір ұшы нөлді көрсететіндей етіп, Жердің магниттік меридианының жазықтығында орналастырамыз.
3. Реостаттың сырғымасын кедергінің (R) мәні барынша үлкен болатын қалыпқа қоямыз.
4. Ауыстырып-қосқышты (К) тұйықтап, реостаттың көмегімен стрелканы бұрышқа бұрамыз. бұрышының мәнін оқытушы ұсынады. бұрышының жеке мәндеріне сәйкес келетін ток күші ( ) миллиамперметрмен өлшенеді.
5. Ауыстырып-қосқышпен (К) катушкадағы (ТГ) токтың бағытын өзгертеді. Реостатпен магнит тілін қайтадан бұрышқа бұрамыз. Миллиамперметрдің көрсетуі бойынша ток күшінің мәнін жазып аламыз. Сонан соң ампермен алынған ток күшінің орташа мәнін есептейміз:
6. 2-5 тармақтарында көрсетілген тәжірибе екінші орам үшін қайталанады. Бұл өлшеулерде бұрышының алғашқы мәндері пайдаланылады.
7. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін 10-шы кестеге жазамыз.
10-кесте.
Тәжірибе нәтижесін өңдеу.
1. (3) формуласымен ток күшінің әрбір орташа мәні үшін, Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысы ( мен оның орташа мәні ( ) есептеледі.
2. Салыстырмалы қате былай анықталады:
;
қатесін ескермесе де болады, ал қателігі радианмен алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |