1 тапсырма. Ресурс



Дата17.10.2022
өлшемі16,07 Kb.
#153435
Байланысты:
1 каза
Сабақта «табысты оқушы» жағдаятын құрудың әдіс – тәсілдері. (БиС технологиясы бойынша), Сабақта «табысты оқушы» жағдаятын құрудың әдіс – тәсілдері. (БиС технологиясы бойынша), баяндама химия, tarsia 6 сынып, Презентация Ждановская ОШ

1 тапсырма. Ресурс
Өзін-өзі реттеу теориясы (SRT) бұл мақсатқа жету үшін өзінің ойларын, мінез-құлықтары мен сезімдерін басшылыққа алу процесін қамтитын саналы жеке басқару жүйесі. Өзін-өзі реттеу бірнеше кезеңдерден тұрады және адамдар өзара мотивацияға, мінез-құлыққа және өзара әсерлесетін желілер шеңберінде дамуға ықпал етуші ретінде қызмет етуі керек.
Марта Бронсон (2002) өзін-өзі реттеудің төрт саласын көрсетеді:

  • когнитивтіөзін-өзіреттеу, метатаным

Балалардың өзоқуытуралыбілімі мен өзін-өзітанудеңгейінарттыруменбайланысты. Америкалық психолог Джон Флэйвелл «Метатану» терминін оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады.

  • эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият»

Эмоция саласында балалар өз әсері мен өзгелердің әсері туралы көбірек хабардар болады; бұның эмоциялық өзін-өзі бақылауын және басқа адамдар үшін қам жеуді дамыту үшін негізгі мәні бар.

  • әлеуметтік өзін- өзі реттеу: «ақыл-ой теориясы»

Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге және ересектердің көмегінсіз әлеуметтік мәселені шешуге біртіндеп үйренетін әлеуметтік саламен байланысты. Заманауи зерттеулер осы әлеуметтік қабілеттің шешуші деңгейде балалардың дамушы «ақыл-ой теориясына», яғни басқа адамдарда оның өзінікіне ұқсас ақылы бар екенін түсінуіне байланысты болатынын көрсетті.

Ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік сезімінің түйінді дамуын немесе ғылыми әдебиетте «игеру бағдарын» дамыту деп аталатын қасиетті көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті; қателіктен сабақ алуын және күрделі міндеттерді шешуден ләззат алуын дамытуға алып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет