Реферат Тақырыбы: Адамдар арасындағы қарым-қатынас және өзара тілдесудің әлеуметтік -психологиялық сипаты



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,01 Kb.
#93187
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және өзара тілдесудің әлеуметтік –психологиялық сипаты.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Мардан Сапарбаев институты
Кафдера Гуманитарлық пәндер
Реферат

Тақырыбы: Адамдар арасындағы қарым-қатынас және өзара тілдесудің әлеуметтік –психологиялық сипаты.

Тобы:Ппк 18-1
Орындаған:Батырбек.Т
Қабылдаған:Бектурсынова.Д

Жоспары
  1. Қарым-қатынас функциялары


  2. Басшы мен қызметкер арасындағы тілдесудің әлеуметтік-психологиялық негіздері


  3. Адам факторының үнемі ескеру принциптері


Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық, болашақ, ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.


Соңғы жылдарда адамның, жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Осындай мәселенің байыбын барлап оның себеп-салдарын анықтау, тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жәйт қоғам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-қылықтардың туындауына теріс ықпал етуі мүмкін. Қазіргі кезде сондай-жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет. Және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қаңағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп әрекетіндегі істерінен айқын аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді дзен деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ адамның денесі мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша адам ешкіммен де қарым-қатынас жасауға тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгіріндее тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде Моритао делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздық, тіршіліктің ащы дәмін тататын болады. Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй кешіп, кез келген адаммен сөйлесіп тілдескенде онан орасан зор ләззәт алып жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді. Осы бағытта біздің елімізде жүргізілген зерттеулерде тас қараңғы бөлмеге, ешқандай дыбыс-сыбыс естілмейтін жағдайда өткізілген тәжірибе де адамның тілдесіп қарым-қатынас жасауының тіршілік үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындап берген. Бұл жәйттен біздер адамның кез келген іс-әрекетінде тілдесіп сөйлесу, қарым-қатынас жасаудың, шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді. Осы орайда адамдардың күнделікті өмірден кәсіптік саладағы өзара тілдесіп қарым-қатынас жасауының оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Егер ұстаздық, қызметте адам шәкірттерімен тілдесіп, оларға жеткізілетін мағлұматтарды доғаратын болса, немесе мәкеме басшылары қарамағындары адамдармен пікір алысып, олармен қарым-қатынас жасамаса, сондай-ақ, тұрмыс қажетін өтеу саласында істейтін адамдар өзара тілдесіп қатынас орнатпаса, онда сол мамандык, саласында істейтін адамдардың бәрі де рухани жарынан өіп жетіліп, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы тоқырауға ұшырар еді. Сондықтан әрбір маман мен кәсіпкер, ұстаз бен жетекші, жұмысшы мен бастық, бизнесмен мен Конгресс мүшесі, депутат пен сайлаушы — бұлардың бәрі де күнделікті тіршілікте, өз қызметі са­ласында үнемі бірімен-бірі тілдесіп пікір алысып, халық, бұқарасымен қарым-қатынас жасайды. Онсыз кез келген адам ру­хани тоқырауға душар болары сөзсіз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауда аса қажетті шарттың бірі-сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың, қарым-қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтын, ой-пікірін дұрыс ұрынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты. Бұл жәйттен біз қарым-қатынас жасаудың үнемі екі жақ­ты процесс екендігіне көзіміз жетеді.
Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне Қарағанда адам­дардың басым көпшілігі өзінің 70% (уақытын өзара тілдесіп қарым-қатынас жасауға жұмсайды екен. Ал жетекші қызмет пен басшылық ететін адамдар өздерінің жұмыс мерзімінің 80%) уақытын осы қарым-қатынас жасауға жұмсайды. Қандай іс-әрекет болса, да, ол негізінен адам факторына байланысты болып отыратыны мәлім. Осы орайда қоғам өмірінде адамның бойындағы күш-қуатын, оның білімі мен қабілетін тіршілікке кажетті материалдық, заттарды өндіруге жұмсап, рухани өмірін байыту мақсаттарына бағытталуға тиіс. Мұндай игілікті мақсаттарды жүзеге асыруда, ең алдымен, адамның жан дүниесінін, сырынан терең бойлап, оны әр тарапты зерттеп білуді қажет етеді. Қазіргіс заманда адамтану ғылымдары ішінде психология ғылымының осындай игі мақсаттарды іс жүзінде айқындап, оның заңдылықтарын ашып көрсетуде елеулі табыстарға ие болып отырғаны шындық фактор. Әсіресе бұл нәннің өндіріс пен өзге де салаларда ұжымдарды басқару ісінденде мекеме басшыларына, жетекші мамандар мен ұстаздарға, әсіресе өндірісте қызмет атқаратын басшыларға практикалық жағынан тигізер пайдасының, мол екендігін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Тілдесу арқылы адамдар өзара қатым-қатынас жасап біріне-бір білдірмек болған ойын жеткізіп пікір алысады. Қаты­нас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, теориялық ой пайымдары дамиды. Әр алуан іс-әрекеттерін жүзеге асырып, хабар алысады. Сөйтіп олардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды. Өзара тілдесу арқылы бірігіп тірлік етеді, еңбектеніп әрбір іс-әрекетті орындау нәтижесінде кәсіби іскерлігін арттырады. Ұжымдық іс-әрекетін жетілдіріп, басқару ісінің мән-жайына қанығады. Адамдардың өзара қарым-қатынас жасауы арқылы бірін-бірі түсініп, мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерін де қалыптастыруға ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, олар өзара тілдесіп тіршілік еткен ортасын әлеуметтік жағдайды түсінетін деңгейге көтеріледі.
Қарым-қатынас орнатудың тиімді болуы басқарушылар мен бағынушылар, жетекшілер мен атқарушылар арасындағы түсіністіктің ереже-қағидаларын қалыптастырып, әрбір іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да болып бітуше әсер етеді. Мұндай жәйттердің сыры «адам факторы» дейтін психологидағы маңызды мәселенің бірі. К.Маркс әрбір істің жүйелі болып бітуі мен оның нәтижелі жемісі адамдармен тіл табысуға тәуелді, сондықтан кез келген кәсіби жұмыстың ойдағыдай жүзеге асуы үшін адамдардың даралық ерекшеліктерімен санасып, оларға талап қоюмен бірге, қамкорлық та көрсетіп отыру қа­жет. Сонда ғана алға қойылған істерді ұжымның орындап шығуы барынша тиімді де нәтижелі болатыныт өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нәтижелі болуы, ең алдымен, адамдардың ақыл-ойы мен дене күшін біріктіре отырып, олардың саналы түрде жүзеге асырылуына тәуелді. Мұндай ретте адамдардың ісі мен әрекеті қимылының мақсатты болуына байланысты болып отыратындағы осы заманғы психологиялық зерттеулер айқындап берді. Өндіріс пен шаруашылықта, қоғамдық істер мен түрлі қызмет салаларында адамдар арасында дұрыс қарым-қатынас орнатудың тиімділігі мемлекеттік маңызды мәселе екендігі қазіргі кезде әр тарапты іздестіріліп, оның пайдасы мен шындығы ғылыми тұрғыда дәйектелді. Осындай зерттеу қорытындылары адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау мәселесінің күн өткен сайын күрделене түсетін мемлекеттік деңгейдегі проблема екендігін көрсетеді. Мәселенің күрделене түсуіне тікелей әсер ететән әлеуметтік факторлар қатарына осы заманғы ғылым мен техника жетістері және адамдардың кәсіби білімі мен сана- сезімінің өсіп жетілуін жатқызуға болады.
Адамдардың бірімен-бірінің тілдесіп қарым-қатынас жасауының күрделене түсіп маңызының артуын өндірістегі техника мен адамдардың кәсіби деңгейінің өсуіне байларысты екендігін әлеуметтік өмірдегі шындық фактор деп мойындайтын болсақ ал мұндай күрделі мәселенің түйінің байыбына барып шешіп отыру-басқарушы кадрлардың көпшілікпен тіл табысып, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату біліктігене байланысты. Мекеме мен өндіріс басшыларының басқару қызметіндегі білімдарлығы мен тәжірибесі, іскерлік дағдысы мен бағынушы адамдардың тіл табыса білуі кез келген жұмыс саласының ойдағыдай нәтижелер беріп, көпшілік арасындағы ұйымдастыру істері мен саяси тәлім-тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүзеге асырылып отырудың кепілі болмақ.
Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жете мән беріп, оларға жете назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіп орындары мен ұжымдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігін өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың жасаған продукцияларына саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы мәлім. Еңбек ұжымындары адамдар­дың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауларына тәуелді. Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір жұмысшы мен техниктің, ұжым жетекшісі мен олардың мүшелерінің арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асыру үшін әрбір адамның даралық мінез-құлқын да жете білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселенің бірі — адам факторын үнемі ескеріп, ондай ерекшеліктермен санасып отыруды қажет етеді.
Жетекші қызмет атқаратын адамдар мен мамандар өздерінің күнделікті тіршілік қызметінде әр түрлі жастары адам­дар мен мамандардың, жыныстық айырмашылығы мен мақсат-тілегі түрліше, атқаратын істері мен кәсіби деңгейі әрқилы кісілермен қарым-қатынас жасауына тура келеді. Мұндай жәйттер жетекші мамандар мен басқару қызметіндегі кісілерге әр алуан адамдармен араласып, олармен жалпы тіл тауып, өз талаптарын орындатудың тиімді әдіс-тәсілдерін тапқаны барынша жемісті нәтижелер беретіндігін өмір тәжірибесі айқындап отыр.
Жетекші қызметкерлер мен бағынушылар арасындағы өзара түсінүшілік творчестволық істің жаңдануындағы бірден-бір тұрақты кепілі десек, ол ұжым ішінде алауыздық тудыратын кертартпалық пен тереиллдш мінез кез келген жетекші не басқарушы қызметкердің беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз мінез - деп саналады. Көпшіліктің көкейтесті мәселелеріне мән бермей, оларға атүсті жауап қату, не тілек-мұқтаждарына немұрайды қарау — тек басқарушы қызмет адамының кісілік беделін түсірумен ғана шектелмей, сол ұжымдағы еңбеккерлердің өнімді ісі мен жұмысының бір қалыпты ырғақты жүруіне де кедергі жасайды. Олардың арасында сенімсіздік пен жек көру сезімін тудырады. Мұндай жағымсыз көріністер бұдан әрі шиелінісе түсетін болса жалпы кәсіп орны мен өндірістің де өнімсіз бей-берекеттік ісінің туындауына әкеп соқтырады. Басшы қызметкелер мен жетекшілік ететін маман кадрлардың бойында — әрбір жұмысшы мен қызметкердің жалпы еңбек адамының жеке басына тән мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерімен бірге жағымсыз қылықтарын, ісіндегі олқылық-кемістіктеріңде жете білуін талап етеді. Өйткені ұжымдары адамдардың жеке бастарына тән қадір-қасиеттері мен кемшіліктерін жете білу — жалпы адамның, жан дүниесін білумен қатар, адамдардың әлеуметтік тіршілік, бейнесін тануы, адамның кісілігі мен қоғам алдындағы азаматтық қасиетіне жүктелетін міндеттер.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет