1- тапсырма
30 жастағы ер адам ауруханаға ауруының 9 күні терісінің қышуына, сарғаюға, аздаған әлсіздікке шағымданып келген. Аурығанына бір апта болған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, 4-5 рет құсқан, дене температурасы 380С дейін көтерілген, ауруының 6 күні зәрі қоңырланған, ал ауруының 8 күні нәжісі түссізденген, кеше сарғайғанын байқаған, бірақ дене температурасы қалыпқа түсіп, жүрегі айнуы басылған, ал бүгін тәбеті ашылып, сарғаюы үдеген, терісі қыши бастаған. Ауруханада қанның биохимиялық анализдері тағайындалған.
Лабораторлық мәліметтер:
Гемоглобин – 142 г/л, эритроциттер -4,9 х 1012 /л., тромбоциттер – 200 х 109/л., лейкоциттер – 3,0 х 109/л.,моноциттер– 5%, лимфоциттер – 45%, ЭТЖ – 5 мм/сағ.
Биохимиялық талдау: жалпы билирубин 189 ммоль/л., тікелей 159 ммоль/л., тікелей емес 40 ммоль/л., АЛТ – 1000 ед/л., АСТ – 874 ед/л., креатинин – 83 ммоль/л., глюкоза – 3,8 ммоль/л. Тимол.сынамасы- 8 ед.
Сұрақтар:
1. Осы аурудың негізгі синдромдарын көрсетіңіз: Интоксикация синдромы, сарғыштану синдромы, астено-вегетативті, диспепсиялық синдром
2. Этиологиясы - А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады.
Эпидемиологиясы - Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен
қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. А гепатит вирусы фекалды-оралды механизммен беріледі. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды және сарғыштықтың 2-7 күнінде аяқталады. Сонымен, науқас қоршаған адамдарға инкубация кезеңінің екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық қауіпті және ол қауіптілік сарғыштық кезеңінде жоғалады. Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштығы жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі. HAV анасынан жатырдағы баласына берілуі де мүмкін емес, өйткені вирус трансплацентарлы тосқауылдан өте алмайды. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
патогенезі: жұқтырғаннан кейін вирустар ішектен қанға өтіп, вирусемия туғызады, аурудың алғашқы кезінде ол улану (интоксикация) белгілерімен көрінеді. Содан кейін, вирус бауырға түсіп, сол жерде вирустың репликациясы басталады. Бауырдағы вирустар гепатоциттерге тікелей цитолитикалық әсер етіп, бауыр бөліктерінің перипортальді бөлігі мен портальді аймақтарда қабыну және некробиотикалық процесстерді туғызады.
3. Болжама диагнозды негіздеңіз.
А вирусты гепатиті, сарғыштану кезеңі, ауыр дәрежесі
4. Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
Физикалық тексеру: Физикалық тексеру кезінде негізгі объективтік симптом болып табылады: гепатомегалия, бауырдың тығыздануы. Процесстің жоғары белсенділігінде, сонымен қатар бауыр циррозында спленомегалия, кейде – лимфаденопатия, бауырлық белгілердің болуы мүмкін (пальмарлы жəне өкшелік эритема, тамырлық жұлдызшалар, гиперпигментация).
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
- Копрограмма;
- Бауырдың биохимиялық сынамалары (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТП немесе ГГТ, билирубин, қан сарысуының белогы, коагулограмма немесе протромбиндік уақыт, креатинин немесе мочевина), серологиялық маркерлер (HBsAg, HBeAg, анти-HBc, HBe IgG, анти-HBc IgM, анти HBe IgG, DNA HBV, анти-HCV total, RNA HCV, анти-HDV, RNA HDV;
- Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу;
Өңеш, асқазанды эндоскоптық зерттеу.
Бауыр биопсиясы (гепатит белсенділігі мен стадиясын бағалау).
5. Емдеу жоспары.
- аяушылық режим (физикалық жүктемелер, қызу, мұздауды болдырмау);
- диета №5;
- құрамында алколголь бар кез келген сусынды қабылдамау.
Медикаментозды ем:
дезинтоксикация терапиясы – жеңіл түрінде энтералді: глюкозаның 5% ер..
Негізгі препараттар:
Декстрозаның инфузияға арналған ерітіндісі 5 % 200 мл, 400 мл; 10% 200 мл, 400 мл
Тұзды ерітінділер
Натрий хлоридінің инфузияға арналған ерітіндісі 0,9% 100 мл, 250 мл, 400 мл
Гепатопротекторлар
Урсодезоксихол қышқылы, 250 мг капсуладан
диспансеризация
6. Алдыналуы: Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация. Келесі биопрепараттар қолданылады:
1. тірі аттенурленген (Қытайда сертифицирленген);
2. инактивирленген виросомды вакцина (Швейцарияды сертифицирленген).
Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.
2 тапсырма.
Ауруханаға 35 жастағы әйел адам ауыруының 8-ші күнінде айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, буындарының қақсап ауыруына, жүрегі айнып, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаюға, терісінің қышуына, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келген. Ауыруының 5 күнінде зәрі қоңырланған, 6 күні нәжісі ағарған, ал кеше таңертең туыстары көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген, жағдай ауырласқан.
Эпид.анамнез: Пәтер үйде тұрады. Сұлулық салонында жұмыс істейді (маникюр жасайды). Жұқпалы аурулармен қатынаста болмағанын айтады. Жиі қоғамдық ортада асханаларда тамақтанады.
Қарап тексергенде: Жалпы жағдай ортша ауырлықта, есі анық, сұрақтарға дұрыс жауап береді.Тері қабаты айқын сарғайған. Бауыр көлемі 2,0см қабырға доғасының астында үлкейген. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 84 рет, АҚҚ 120/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық.
Лабораторлық мәліметтер:
Гемоглобин – 122 г/л, эрит. -4,5 х 1012 /л., тромб.– 190 х 109/л., лейк. – 3,5 х 109/л., моноциттер – 7%, лимфоциттер – 48%, СОЭ – 5 мм/сағ.
Биохимиялық талдау:жалпы билирубин 114 ммоль/л., тікелей 109 ммоль/л., тікелей емес 13ммоль/л., АЛТ – 865 ед/л., АСТ – 521 ед/л., креатинин – 83 ммоль/л., глюкоза – 3,8 ммоль/л. Тимол.сынамасы- 8 ед.
1. Осы аурудың негізгі синдромдарын көрсетіңіз
астеновегетативті, диспепсиялық, артралгиялық, бауырлық және интоксикациялық синдром
2. Этиологиясы - В гепатит вирусы (HBV)
Эпидемиологиясы. В гепатитінің қоздырғышы науқастан немесе вирустасымалдаушыдан жыныстық, парентералдық және перинаталды жолдармен беріледі. «Сарысулық гепатит» қаупі сақталатын қанның мұқият тексерілетіндегінен өзекті емес. Басқа берілу жолдарының маңыздылығы керісінше артты. Соңғы кезде В гепатиті көп жағдайда жыныстық жолмен таралатын ауыру есебінде, сонымен қатар нашақорлар арасында 75% жағдайда HAV- маркерлер анықталады. Ауру жұқтыру қаупі бар тобына кіретіндер: акушерлер, хирургтер, стоматологтар, қанмен жанасатын процедуралық мейірбикелер. Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтырылуы мүмкін. Жұғу көп жағдайда интранаталды өтеді (95%). Егер жүкті әйел жүктілігінің ІІІ- триместрінде В гепатитімен ауырса, сонымен қатар онда HвsAg - оң және HвеAg - оң болып шықса туылатын баласының ауру жұқтыруы заңды болады. Балаларда өмір бойы вирусқа персистенттілік пайда болады, нәтижесінде 20 жасқа қарай олар бауырдың қатерлі ісігінен немесе цирроздан өледі. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, HВsAg-тасымалдаушының жанұясында 5 жыл аралығында жұқпа тудыру қаупі көбейеді. Бұл HAV жұқтыруда тығыз жанасудың маңыздылығын көрсетеді (бәрі бір тіс щеткесімен, ұстарамен пайдаланса). В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және HВsAg-ге антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды. Дүниежүзінде 1млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV–тасымалдаушылары бар. Олардың 25%-да ауыр түрдегі бауыр аурулары дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы карциномадан өлімге душар болуы мүмкін.
Патогенезі. В гепатитінің патогенезінде айтарлықтай өзгешеліктер бар. Вирус гематогенді жолмен бауырға келеді. Вирус гепатоциттерді тікелей бұзбайды. Олардың цитолизі иммундық жауапқа байланысты, иммунитеттің жасушалық тізбегінің реакциясынан цитотоксикалық Т-лимфоциттерінің әсерінен туындайды. В гепатиті кезінде HLA жүйесін белсендіретін гамма-интерферонның түзілуі артатыны белгілі. Осының әсерінен гистологиялық сәйкестігі жағынан 1-ші класқа жататын молекулалар мен пептидті антигендер гепатоциттердің мембранасына экспрессияланады да, цитотоксикалық Т-лимфоциттерімен танылады. Ал олардың өзі көбейіп, антигенспецификалық киллерлерінің клонын түзеді де вируспен инфекцияланған гепатоциттерді зақымдайды. Гистологиялық сәйкестігі жағынан 2-ші класқа жататын молекулалардың экспрессиясы өте аз мөлшерде жүреді де 1-ші типтегі Т-хелперлердің пролиферациясын тудырады, ал оның өзі макрофагтардың бактериоцидтігі мен цитотоксикалығын белсендіреді. Макрофагтар некрозға ұшыраған интралабулярлы және перипорталды гепатоциттердің қалдықтарын қармап, жояды
3. Болжама диагнозды негіздеңіз.
Диагноз: Вирусты гепатит В. Манифестті форма .Жедел (циклды) түрі. Жеңіл сатысы.
Диагностикасы. Жедел В гепатиттің диагнозы анамнездік, клиникалықбиохимиялық мәліметтерге, вирустың серологиялық маркерлерін зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Егер ауру басталуынан 45-180 күн бұрын науқасқа қан препараттары құйылған болса, операциялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық шаралар, эндоскопиялық зерттеулер жасалынса, көптеген инъекциялар (соның ішінде, есірткілер) енізілсе, егер В гепатитімен ауыратын науқаспен жыныстық немесе басқа тығыз қатынас болса В гепатитті болжауға болады. Манифесттік жедел В гепатитке бірте-бірте басталу; полиартралгиямен, кейде терідегі аллергиялық бөртпелермен өтетін ұзақ сарғаю алдындағы кезең; сарғаю кезеңінде науқас жағдайының жақсармауы немесе нашарлауы, ұзақ сарғаю кезеңі; реконвалесценция кезеңінде ауру симптомдарының баяу жоғалуы тән.
4. Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
Диагнозды ерте дәлелдеу критериі – қанда HВsAg, HВеAg, anti-HВc IgM және HBV-ДНҚ-ның анықталуы болып табылады. Гепатиттің қолайлы циклдік ағымына HBеAg тез жоғалып анти-HBе пайда болуы, HBV-ДНҚ-ның жоғалуы, HBsAg жоғалып, анти-HBs антиденелерінің пайда болуы сай. Ерте пайда болатын анти-HBc IgM кеш пайда болатын HBc IgG антиденелерімен ауысады. Қанда HВеAg, HBV-ДНҚ, aнти-HВс IgM және HBsAg-нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары титрде болса, жұқпалы процестің созылыңқы ағымы туралы және созылмалы түрге айналу мүмкіндігінің жоғары болуы туралы айтады. Егер қанда 6 айдан астам HBsAg тұрақты титрде анықталса созылмалы гепатиттің дамуы туралы, активті вирусты репликация маркёрлері (HBеAg; anti-HВcIgM, HBV-ДНҚ), клиникалық көріністер және биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі болмаса да, ойлау керек.
1. Бауыр биопсиясы (гепатит белсенділігі мен стадиясын бағалау).
2. Эндоскоптық зерттеу, өңешті баримен контрастты зерттеу (өңеш веналарының варикоздын кеңеюі).
3. Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу (гепатомегалия, спленомегалия, бауыр құрылымының өзгеруі).
4. Бауырлық жəне порталдық қан келуді доплерграфиялық зерттеу.
5. Мұнан да анық бағалау үшін компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томография.
5. Емдеу жоспары.
Емдік шаралар А гепатиті кезіндегідей. В гепатиттің жедел циклдік ағымы кезінде вирусқа қарсы дәрілер көрсетілмеген. Оларды созылыңқы (прогредиентті) ағымы кезінде қолданған дұрыс. Қазіргі кезде В гепатитте қолданылатын негізгі вирусқа қарсы препарат – альфаинтерферон; нақты айтқанда, оның рекомбинантты (интрон А, роферон А, реальдирон) және нативті (вэллферон, адамның лейкоцитарлы интерфероны) препараттары. Альфаинтерферон 3-5 млн. МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 айға тағайындалады. Емнің осындай курсын өткізгенде процестің созылмалы түрге айналу мүмкіндігі 5 есе азайады. Сонымен қатар этиотропты еміне химиопрепараттар жатады, мысалы - синтетикалық нуклеозидтер: фамцикловир (фамвир) – 750 мг/тәулігіне; ламивудин (эпивир) – 150-300 мг/тәулігіне; зидовудин (ретровит, азидотимидин, тимозид) – 500-600 мг/тәулігіне; диданозин (видекс) – 300 мг/тәулігіне; рибавирин 1000-1200 мг/тәулігіне; - протеаза ингибиторлары: саквинавир (инвираза) – 600 мгх3 рет/тәулігіне, индинавир (криксиван) – 800 мг х 3 рет тәулігіне; - интерферон индукторлары: неовир (циклоферон) 250-500 мг бұлшық етке, 1 күн ара, амиксин 125 мг-нан тамақтан соң, бірінші 2 күні тәулігіне 2 рет, кейіннен бір күн ара; - иммуномодуляторлар: лейкинферон – 1 ампуладан бұлшық етке – 1 күн ара; интерлейкин–1 (беталейкин) – 15 нг/кг көк тамырға тамшылатып күн сайын – 5 күн; интерлейкин–2 (ронколейкин) 0,5-2 мг көк тамырға тамшылатып – 2-3 күн ара; тимус препараттары (тималин, тимоген, Т-активин) 1 мл-ден бұлшық етке күн сайын 5-10 күн. В гепатиттің ауыр түрінде және жедел бауыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болған да интенсивті терапия жүргізіледі. Науқастарды бақылау және олардың күтімі өте маңызды. Психомоторлы қозу нaтрий оксибутиратымен (20%-тік ерітіндісі көк тамырға 10-20 мл, баяу түрде) тежеледі; сонымен бірге бұлшық етке седуксен (0,5%-тік -2,0 мл) енгізуге болады. Нaтрий оксибутиратын еңгізе отырып, гипокалиемияны коррекциялау қажет (энтералды жолмен түспеген жағдайда көк тамырға тамшылатып 6 г/тәулігіне еңгізу). Аутоинтоксикацияны азайту үшін асқазан жуу (назогастралды зонд аркылы) және биік немесе сифонды клизмалар жасау керек. Аутоинтоксикацияны азайту мақсатымен антибиотиктер, энтеросорбенттер де қолданылады. Науқасқа парентералды қоректендірумен қатар бөлшектік энтералды тамақтандыру жүргізеді. Сопор немесе кома жағдайындағы науқастарды назогастралды зонд арқылы қоректендіреді. Бұл кезде майсызданған белоксыз энпиттер, балалар тағамын қолдануға болады. Глюкокортикостероидтар (преднизолон-тәулігіне 180-240 мг) көк тамырға еңгізіледі. Инфузиялық емге инсулин қосылған глюкоза-калий ерітінділері, альбумин, амин қышқылының қосындылары, протеин жатады. Инфузияларды жасай отырып, сұйықтықтың тәуліктік теңгерімін (баланс) мұқият бақылау керек. Протромбин индексі төмендеген жағдайда (50%-тен төмен) жаңадан мұздатылған плазма қолданылады. Геморрагиялық синдром дамыған кезде протеолиз және фибринолиз ингибиторлар енгізіледі (эпсилон-аминокапрон қышқылының 5%-тік ерітіндісі 200 мл-ден тәулігіне 2 рет, контрикал 100-200 мың ЕД немесе гордокс 800-1200 ЕД әр 3-4 сағат сайын). Мидың гипоксиясын және ісініп-домбығуын алдын алу үшін мұрын катетрлері арқылы 5 л/сағ. жылдамдығымен ылғалданған оттегі үнемі ингаляцияланады. Оксигенобаротерапия көрсетілген. Бұл шараны ерте қолданған жағдайда (тәулігіне 2-3 сеанс) команың дамуын алдын алуға болады. Болжамы. В гепатит реконвалесценттерінің ауруханадан шығару көрсеткіштері А гепатит кезіндегідей. Диспансерлік бақылау 12 ай жүргізіледі. Әр 3 ай сайын зерттеу өткізіледі – клиникалық қарап тексеру, лабораторлық зерттеулер (билирубин, АЛТ, тимол сынамасы, вирусты гепатит маркерлері). Созылмалы гепатит болмаса және HВsAg анықталмаған жағдайда В гепатитімен ауырған науқастар есептен шығарылады. Әйелдерге ауруханадан шыққаннан кейін 1 жыл жүкті болмаған дұрыс. Гепатиттен кейінгі синдромдар арасында өт шығару жолдарының дискинезиясы, олардың қабынуы жиі кездеседі. Созылмалы гепатит 10-15% жағдайда түзіледі. Гепатиттен кейінгі HВsAg «тасымалдаушылыққа» ерекше назар бөлу керек. Жедел В гепатиттің циклдік ағымынында антигенемия ұзақтығы әдетте 3-6 айдан аспайды. Қанда HВsAg-нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары концентрацияда анықталуы (клиникалық белгілерінсіз, цитолизсіз, активті вирустық репликация маркерлерінсіз) аурудың созылыңқы (прогредиентті) ағымының жанама белгісі болып табылады. HВsAg қанда 6 айдан көп тұрақты титрде анықталуы (клиникалық-лабораторлық көрсеткіштері қалыпты болса да) процестің созылмалы түріне өткені туралы айтады.
Алдын алу шаралары. Алдын алу шаралары жұқпа көздерін активті анықтауға, таралудың табиғи және жасанды жолдарының үзілуіне, қауіп топтарында вакцинацияны жүргізуге бағытталған. 1996 ж. Қазақстанда В гепатитіне қарсы вакцинация профилактикалық егулер күн тізбесіне енгізіліп, «Смит Кляйн Бичем» фирмасымен өндірілген «Энджерикс-В» гендікинженерлік вакцинасымен жүргізіледі. В гепатитімен залалдану қаупі жоғары топқа жататын адамдар вакцинацияланады: медицина қызметкерлері, медициналық мекемелердің студенттері, қайталамалы гемотрансфузияларды қабылдайтын немесе гемодиализдегі науқастар, В гепатитімен ауырған науқастың туыстары, нашақорлар. Егер вакцина жеткілікті болса, тұрғындардың барлығы вакцинацияланған дұрыс. Ересек адамдар иммунизациясының кестесі 3 егуден тұрады: екі егу 1 ай аралықпен еңгізіледі, үшінші – 6 айдан соң жасалынады. Ревакцинация 7 жылдан кейін өтеді. Балаларда вакцинопрофилактика сатылы түрде жүргізіледі. ●Бірінші орында HВsAg бар және жүктіліктің III триместрінде В гепатитпен ауырған әйелдерден туылған нәрестелер вакцинацияланады. Оларға 4 егу жасалынады: үш егу 1 ай аралықпен, төртінші – 12 айда. Бірінші егу нәресте өмірінің 24 сағат ішінде енгізіледі. ●Одан кейін HВsAg «тасымалдаушылық» 5%-тен жоғары аймақтарда туылған нәрестелер; ●HВsAg «тасымалдаушы» немесе созылмалы В гепатитпен ауырған науқас бар жанұяларда туылған нәрестелер; ●Балалар үйлеріндегі және интернаттардағы балалар; ●Қан немесе қан препараттарын жиі қабылдайтын және гемодиализдегі балалар вакцинацияланады. Вакцинацияның екінші сатысы – егулер күн тізбесіне сай балаларды вакцинациялау. Үшінші сатыда, жасөспірімдер арасындағы В гепатитпен аурушылдықтың жоғарылауын ескере отырып, 11 жастағы балаларды вакцинациялау керек. Қандағы антиденелер 10 ХБ (халықаралық бірлік)-тен жоғары деңгейі иммунизацияның толық курсын өткен адамдардың 85-95%-де дамиды. Екі егуден кейін антиденелер 50-60%-те пайда болады. Шұғыл көрсеткіштер бойынша иммунопрофилактика қоздырғышпен қатынасы болған адамдарға жүргізіледі. Вакцинамен бірге құрамында В гепатит вирусына қарсы антиденелер бар арнайы иммуноглобулинмен енгізілсе, иммунопрофилактиканың нәтижелігі жоғары болады.
№3тапсырма
38 жастағы ер кісі, емхана дәрігеріе донор болуы үшін медициналық тексерістен өтіп келген.
Шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Объективті: ішкі ағзалрда патологиялық өзгерістер жоқ.
Донор болуы үшін АИВ инфекциясына және вирусты гепатиттердің маркерлеріне қан өткізген.
Эпид.анамнез: 3-ай бұрын тісін емдеткен.
Қан талдау қорытындысы:
Гемограмма: эр.-3,6х1012\л, гем.114 г/л, Лейк.-4,0х109\л, тромбоциттер – 180 х109, м.-5%, л.- 44%, СОЭ-8 мм/сағ.
Биохимиялық талдау: билирубин – 25мкмоль\л, тікелей билирубин – 19 мкмоль/л, АЛТ-120Ед/л, АСТ-90Ед, ЩФ-135Ед, жалпы белок – 56 г/л, альбумин – 39 г\л.
Коагулограмма: ПТИ-85%, фибриноген – 3,2 г\л.
Тапсырмалар:
Осы аурудың негізгі синдромдарын көрсетіңіз?
Бауырлық синдром
Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенездің негізгі звеносы.
Этиолгоиясы-С гепатитінің вирусы (HCV) флавивирустар (Flaviviridae) тұқымдастығына жататын РНҚ-лы вирус
С гепатитінің көзі тек қана ауру адам немесе вирус тасымалдаушы ғана бола алады.
Берілу механизмі – парентералды. Инфекция мынандай жолдармен таралуы мүмкін: стерильді емес инелермен инъекция жасағанда, гемодиализ кезінде, татуаж жасағанда, қан немесе оның препараттарын құйғанда, акупунктура кезінде, құлақ тескенде, жыныстық қатынас кезінде, сонымен қатар сілекей арқылы және анадан балаға – перинаталды жұғады. Осыған байланысты қауіп-қатер тобына төмендегілерді жатқызуға болады: нашақорлар, гемодиализ бөлімшесінің пациенттері, медицина қызметкерлері, себебі олар инелермен, қанмен жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл топқа донор қанының реципиенттері .
Болжама диагнозды негіздеңіз.
С вирусты гепатит,субклиникалық формасы, жеңіл дәрежелі
Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
ИФА және иммуноблат көмегімен ВГС-ға (анти HCV) IgM және IgG антиденелерін , ПЦР әдісімен РНК ВГС (HCV- RNA) анықтауға негізделген.
Емдеу жоспары.
Дәрісіз ем
Режим: төсектік;
Диета: № 5.
Медикаментозды ем:
Негізгі вирусқа қарсы препарат – альфа-интерферон; нақты айтқанда, оның рекомбинантты (интрон А, роферон А, реальдирон) және нативті (вэллферон, адамның лейкоцитарлы интерфероны) препараттары. Альфа-интерферон 3-5 млн. МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 айға тағайындалады. Емнің осындай курсын өткізгенде процестің созылмалы түрге айналу мүмкіндігі 5 есе азайады.
- Глюкокортикостероидтар (преднизолон-тәулігіне 180-240 мг) көк тамырға
– жеңіл түрінде энтералді: глюкозаның 5% ер..
Негізгі препараттар:
Декстрозаның инфузияға арналған ерітіндісі 5 % 200 мл, 400 мл; 10% 200 мл, 400 мл
Тұзды ерітінділер
Натрий хлоридінің инфузияға арналған ерітіндісі 0,9% 100 мл, 250 мл, 400 мл
Гепатопротекторлар
Урсодезоксихол қышқылы, 250 мг капсуладан
диспансеризация
6. Алдын алуы.
-Жеке бас гигенасын сақтау,
-Салон,татуаж жасайтын орындарды санитарлық тазалау,
- вакцина жоқ.
№4 тапсырма
Жұқпалы ауруғанаға 23 жастағы Өзбекістаннан келген ер адам қаралуға келген.
Шағымы: 6 күн бойы әлсіздікке, жүрегенің айнуы, тәбетінің төмендеуі, күніне бірнеше рет құсуға, сарғаюға шағымданады. 2 күн бұрын зәрі қоңырланып, нәжісі түссіздене, ал бүгін денесі сарғаю бастаған соң дәрігердің қарауына келлген.
Эпид.анамнез: Алматы қаласына жұмыс істеуге келген. Орталық базарда сауда саттық жұмыс жасайды. Достарымен бірге пәтер үй жалдап тұрады. Жиі қоғамды ортада асханаларда тамақтанады. Қайнатылмаған су ішеді.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Дене қызуы – 37,70С. Склерасы сағайған. Тері жамылғысы сарғыштанған. Бөртпелер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бісеңдеген, ритм дұрыс. ЖС – 88уд./мин. АҚҚ 100/70 мм рт.ст. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында және оң жақ қабырға асты аздаған ауыру сезімді. Бауыры 2 см қабырға доғасының астында. Нәжісі түссіз, зәрі қоңырланған.
Синдромдар: интокикациялық, холестатикалық, ауыру (болевой)
Этиологиясы: Е гепатит вирусы
Вирус – бiр жiпшелi, құрамында РНҚ бар: қабықшасы жоқ, НЕАg-ге ие. Е гепатит вирусының таксономдық жiктелуi әлi толығымен анықталған емес. HEV –ң HAVдан, жалпы пикорнавирустар тұқымдастығынан анағұрлым айырмашылықтары бар, бiрақ Caliciviridae тобына құрылымы жақын.
Эпидемиологиясы: Е гепатиті фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекцияға жатады. Инфекция көзі – жедел НEVинфекциясымен, әсiресе оның сарғаюсыз, немесе латенттi түрiмен ауыратын адамдар. Таралу жолы – көбiнесе су арқылы, HEV-нi water born hepatitis virus деп атайды. А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды.
Патогенезі: Патогенез факторлары HEV, HAV тәрiздi, цитопатиялық әсер етiп, гепатоциттердiң тiкелей вирусты цитолизiне әкеп соғады. HEVинфекциясы кезiнде иммунопатологиялық механизмдердiң маңызы үлкен емес. Бiрақ, Е гепатиті кезiнде А гепатитке ұқсас жылдам иммундық жауап дамиды.
3. Болжама диагноз: Вирусты гепатит Е
4. Зерттеу жоспары:
• ОАК с подсчетом тромбоцитов;
• ОАМ;
• Биохимический профиль: АЛТ, АСТ, общий билирубин и фракции, тимоловая проба, общий белок, альбумин, холестерин, щелочная фосфатаза, ГГТП.
• протромбиновый индекс, фибриноген, МНО;
• серологические маркеры ВГ: (anti-HAV-IgM, anti-НЕV-IgМ, HBsAg (качественный тест), antiHBsAb, HBeAg, anti HBeAb, anti-HBc – IgM, total, antiHCV-IgM, total, anti-HDV-IgM, total;
• ультразвуковое исследование органов брюшной полости;
• копрограмма
5. Емдеу жоспары:
Мед.емес: төсектік режим, диета №5 – 6ай, пероральді регидратация
Мед: дәрумендер
Энтеросорбенттер
Полиферпентті препараттар
Дезинтокикациялық парентералді терапия – ауыр жағдайда
Ем нәтижесіз болса – глюкокортикостериодтар
Гепатопротекторлар
Өт қышқылының препараттары
6. Алдын алуы: А гепатитімен ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның iшiнде, түрғындарды сумен қамтамасыз етудi жақсарту), Е гепатиті кезiнде де эффективтi болып табылады. Қазiргi кезде вакцина өнделген емес.
№5 тапсырма
20 жастағы ер адам, үйіне участкелік дәрігерді шақыртқан. Туыстарының айтуы бойынша ауырғанына 10 күндей болған. Бастапқы күндері дене қызуы 380С-қа көтеріліп, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, буындарының қақсап ауыру, зәрі қоңырланып, денесі сарғайған. Ауырудың 8-ші күнінде айқын әлсіздік, көп реттік құсу, үйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көріп бастаған.
Эпид.анамнез: Студент. Жұқпалы науқастармен қатынаста болмаған. Ауырмасынан 2-ай бұрын ота жасатқан, қан құйылған.
Қарап тексергенде: есі тежелген, сұрақтарға баяу, дұрыс емес жауап береді, түнде нашар ұйықтаған. Қарап тексергеде: жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 37,5°С, аузынан бауырлық иіс шығады. Тері қабаты айқын сарғайған, инъекция салған жерлерінде гематома, қан құйылған. Бауыр көлемі қабырға доғасынан кішірейген. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық.
Тапсырмалар:
1. Осы аурудың негізгі синдромдарын көрсетіңіз? Интоксикациялық, бауырлық, геморагиялық
2. 2. Этиологиясы - В гепатит вирусы (HBV)
Эпидемиологиясы. В гепатитінің қоздырғышы науқастан немесе вирустасымалдаушыдан жыныстық, парентералдық және перинаталды жолдармен беріледі. «Сарысулық гепатит» қаупі сақталатын қанның мұқият тексерілетіндегінен өзекті емес. Басқа берілу жолдарының маңыздылығы керісінше артты. Соңғы кезде В гепатиті көп жағдайда жыныстық жолмен таралатын ауыру есебінде, сонымен қатар нашақорлар арасында 75% жағдайда HAV- маркерлер анықталады. Ауру жұқтыру қаупі бар тобына кіретіндер: акушерлер, хирургтер, стоматологтар, қанмен жанасатын процедуралық мейірбикелер. Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтырылуы мүмкін. Жұғу көп жағдайда интранаталды өтеді (95%). Егер жүкті әйел жүктілігінің ІІІ- триместрінде В гепатитімен ауырса, сонымен қатар онда HвsAg - оң және HвеAg - оң болып шықса туылатын баласының ауру жұқтыруы заңды болады. Балаларда өмір бойы вирусқа персистенттілік пайда болады, нәтижесінде 20 жасқа қарай олар бауырдың қатерлі ісігінен немесе цирроздан өледі. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, HВsAg-тасымалдаушының жанұясында 5 жыл аралығында жұқпа тудыру қаупі көбейеді. Бұл HAV жұқтыруда тығыз жанасудың маңыздылығын көрсетеді (бәрі бір тіс щеткесімен, ұстарамен пайдаланса). В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және HВsAg-ге антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды. Дүниежүзінде 1млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV–тасымалдаушылары бар. Олардың 25%-да ауыр түрдегі бауыр аурулары дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы карциномадан өлімге душар болуы мүмкін.
Патогенезі. Вирус гематогенді жолмен бауырға келеді. Вирус гепатоциттерді тікелей бұзбайды. Олардың цитолизі иммундық жауапқа байланысты, иммунитеттің жасушалық тізбегінің реакциясынан цитотоксикалық Т-лимфоциттерінің әсерінен туындайды. В гепатиті кезінде HLA жүйесін белсендіретін гамма-интерферонның түзілуі артатыны белгілі. Осының әсерінен гистологиялық сәйкестігі жағынан 1-ші класқа жататын молекулалар мен пептидті антигендер гепатоциттердің мембранасына экспрессияланады да, цитотоксикалық Т-лимфоциттерімен танылады. Ал олардың өзі көбейіп, антигенспецификалық киллерлерінің клонын түзеді де вируспен инфекцияланған гепатоциттерді зақымдайды. Гистологиялық сәйкестігі жағынан 2-ші класқа жататын молекулалардың экспрессиясы өте аз мөлшерде жүреді де 1-ші типтегі Т-хелперлердің пролиферациясын тудырады, ал оның өзі макрофагтардың бактериоцидтігі мен цитотоксикалығын белсендіреді. Макрофагтар некрозға ұшыраған интралабулярлы және перипорталды гепатоциттердің қалдықтарын қармап, жояды
3. Болжама диагнозды негіздеңіз. ВГВ, фульминантты түрі. Жедел ағымды, ЖБЭ ІІ
4.Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін? Бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы, созылмалы ВГВ, біріншілік қатерлі ісік
4. Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
Диагнозды ерте дәлелдеу критериі – қанда HВsAg, HВеAg, anti-HВc IgM және HBV-ДНҚ-ның анықталуы болып табылады. Гепатиттің қолайлы циклдік ағымына HBеAg тез жоғалып анти-HBе пайда болуы, HBV-ДНҚ-ның жоғалуы, HBsAg жоғалып, анти-HBs антиденелерінің пайда болуы сай. Ерте пайда болатын анти-HBc IgM кеш пайда болатын HBc IgG антиденелерімен ауысады. Қанда HВеAg, HBV-ДНҚ, aнти-HВс IgM және HBsAg-нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары титрде болса, жұқпалы процестің созылыңқы ағымы туралы және созылмалы түрге айналу мүмкіндігінің жоғары болуы туралы айтады. Егер қанда 6 айдан астам HBsAg тұрақты титрде анықталса созылмалы гепатиттің дамуы туралы, активті вирусты репликация маркёрлері (HBеAg; anti-HВcIgM, HBV-ДНҚ), клиникалық көріністер және биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі болмаса да, ойлау керек.
5. Емдеу жоспары.
В гепатиттің жедел циклдік ағымы кезінде вирусқа қарсы дәрілер көрсетілмеген. Оларды созылыңқы (прогредиентті) ағымы кезінде қолданған дұрыс. Қазіргі кезде В гепатитте қолданылатын негізгі вирусқа қарсы препарат – альфаинтерферон; нақты айтқанда, оның рекомбинантты (интрон А, роферон А, реальдирон) және нативті (вэллферон, адамның лейкоцитарлы интерфероны) препараттары. Альфаинтерферон 3-5 млн. МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 айға тағайындалады. Емнің осындай курсын өткізгенде процестің созылмалы түрге айналу мүмкіндігі 5 есе азайады. Сонымен қатар этиотропты еміне химиопрепараттар жатады, мысалы - синтетикалық нуклеозидтер: фамцикловир (фамвир) – 750 мг/тәулігіне; ламивудин (эпивир) – 150-300 мг/тәулігіне; зидовудин (ретровит, азидотимидин, тимозид) – 500-600 мг/тәулігіне; диданозин (видекс) – 300 мг/тәулігіне; рибавирин 1000-1200 мг/тәулігіне; - протеаза ингибиторлары: саквинавир (инвираза) – 600 мгх3 рет/тәулігіне, индинавир (криксиван) – 800 мг х 3 рет тәулігіне; - интерферон индукторлары: неовир (циклоферон) 250-500 мг бұлшық етке, 1 күн ара, амиксин 125 мг-нан тамақтан соң, бірінші 2 күні тәулігіне 2 рет, кейіннен бір күн ара; - иммуномодуляторлар: лейкинферон – 1 ампуладан бұлшық етке – 1 күн ара; интерлейкин–1 (беталейкин) – 15 нг/кг көк тамырға тамшылатып күн сайын – 5 күн; интерлейкин–2 (ронколейкин) 0,5-2 мг көк тамырға тамшылатып – 2-3 күн ара; тимус препараттары (тималин, тимоген, Т-активин) 1 мл-ден бұлшық етке күн сайын 5-10 күн. В гепатиттің ауыр түрінде және жедел бауыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болған да интенсивті терапия жүргізіледі. Науқастарды бақылау және олардың күтімі өте маңызды. Психомоторлы қозу нaтрий оксибутиратымен (20%-тік ерітіндісі көк тамырға 10-20 мл, баяу түрде) тежеледі; сонымен бірге бұлшық етке седуксен (0,5%-тік -2,0 мл) енгізуге болады. Нaтрий оксибутиратын еңгізе отырып, гипокалиемияны коррекциялау қажет (энтералды жолмен түспеген жағдайда көк тамырға тамшылатып 6 г/тәулігіне еңгізу). Аутоинтоксикацияны азайту үшін асқазан жуу (назогастралды зонд аркылы) және биік немесе сифонды клизмалар жасау керек. Аутоинтоксикацияны азайту мақсатымен антибиотиктер, энтеросорбенттер де қолданылады. Науқасқа парентералды қоректендірумен қатар бөлшектік энтералды тамақтандыру жүргізеді. Сопор немесе кома жағдайындағы науқастарды назогастралды зонд арқылы қоректендіреді. Бұл кезде майсызданған белоксыз энпиттер, балалар тағамын қолдануға болады. Глюкокортикостероидтар (преднизолон-тәулігіне 180-240 мг) көк тамырға еңгізіледі. Инфузиялық емге инсулин қосылған глюкоза-калий ерітінділері, альбумин, амин қышқылының қосындылары, протеин жатады. Инфузияларды жасай отырып, сұйықтықтың тәуліктік теңгерімін (баланс) мұқият бақылау керек. Протромбин индексі төмендеген жағдайда (50%-тен төмен) жаңадан мұздатылған плазма қолданылады. Геморрагиялық синдром дамыған кезде протеолиз және фибринолиз ингибиторлар енгізіледі (эпсилон-аминокапрон қышқылының 5%-тік ерітіндісі 200 мл-ден тәулігіне 2 рет, контрикал 100-200 мың ЕД немесе гордокс 800-1200 ЕД әр 3-4 сағат сайын). Мидың гипоксиясын және ісініп-домбығуын алдын алу үшін мұрын катетрлері арқылы 5 л/сағ. жылдамдығымен ылғалданған оттегі үнемі ингаляцияланады. Оксигенобаротерапия көрсетілген. Бұл шараны ерте қолданған жағдайда (тәулігіне 2-3 сеанс) команың дамуын алдын алуға болады. Болжамы. В гепатит реконвалесценттерінің ауруханадан шығару көрсеткіштері А гепатит кезіндегідей. Диспансерлік бақылау 12 ай жүргізіледі. Әр 3 ай сайын зерттеу өткізіледі – клиникалық қарап тексеру, лабораторлық зерттеулер (билирубин, АЛТ, тимол сынамасы, вирусты гепатит маркерлері). Созылмалы гепатит болмаса және HВsAg анықталмаған жағдайда В гепатитімен ауырған науқастар есептен шығарылады. Әйелдерге ауруханадан шыққаннан кейін 1 жыл жүкті болмаған дұрыс. Гепатиттен кейінгі синдромдар арасында өт шығару жолдарының дискинезиясы, олардың қабынуы жиі кездеседі. Созылмалы гепатит 10-15% жағдайда түзіледі. Гепатиттен кейінгі HВsAg «тасымалдаушылыққа» ерекше назар бөлу керек. Жедел В гепатиттің циклдік ағымынында антигенемия ұзақтығы әдетте 3-6 айдан аспайды. Қанда HВsAg-нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары концентрацияда анықталуы (клиникалық белгілерінсіз, цитолизсіз, активті вирустық репликация маркерлерінсіз) аурудың созылыңқы (прогредиентті) ағымының жанама белгісі болып табылады. HВsAg қанда 6 айдан көп тұрақты титрде анықталуы (клиникалық-лабораторлық көрсеткіштері қалыпты болса да) процестің созылмалы түріне өткені туралы айтады.
Тест.
Гепатит С жұғу жолдары?
Ауалы тамшылы
Қан құю++++
Артификация
Аэрозольді
Гепатит кезіндегі диета?
6
9
1
5++
3
Гепатит А анықтауда диагноз нақты қоюға арналған зерттеу әдісі?
Серологиялық зерттеу+++
КТА
УДЗ
ФГДС
Зәр анализі
Гепатит В еміне арналған дәрі?
Интерферондар
Метотрексат
Ламивудин+++
Нош-па
Бесапролол
Гепатитке қарсы терапия тиімді предикторы?
1.емнің басында АлАТ анық көтерілуі+++
2.айқын фиброз жəне цирроз
3. аралас криоглобулинемия
4. микст-гепатиттер, коинфекция HIV
5. алкгольді көп пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |