Лад жүйесі және тональдік Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері



Дата24.12.2021
өлшемі31,5 Kb.
#104762
Байланысты:
лад
гылыми жоба, гылыми жоба, музыкалық білім тарихы, курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс, курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс, Matematikaly -sauattyly , 531535.pptx


Лад жүйесі және тональдік

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

1.                             Лад

2.                             Мажор. Минор

3.                             Гамма

«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.

«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.

Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:

I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді.

II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон.

III басқыш – медианта (ортаңғы) саты.

IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді.

V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді.

VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан.

VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.

Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:

1) тониканың атауы;



2) ладтың атауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет