Жоспар:
Жоспарланған жаттығулар
қойыңыз)
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі.
-Біз неге энергия, су, ақша топтарына бөліндік?
-Иә біз бүгін үнемдеу туралы айтамыз.
-Энергияны қалай үнемдейміз?
-Суды қалай үнемдейміз?
-Ақшаны қалай үнемдейміз?
Мультфильм көрсету
Электр энергиясын үнемдеудің тиімді тәсілдері:
1. Күнделікті үйде өз есептеу құралы арқылы кей электр құралдары көп
электр энергиясын жұмсайды, соны талдау жасап, ол тауардан бас тарту керек.
2. Егер үйде ескі электр желілері болса, тез арада ауыстыру керек, бұл
электр энергиясын үнемдеуге бірден-бір көмегін тигізеді.
3. Жарықтану деңгейін туралап отыратын құралдармен жабдықтау.
4. Ғимараттан шыққанда жарықты өшіру керек. Біз ойлаймыз 20-30 минут
қосулы болса еш нәрсе болмайды деп, оған жол бермеуіміз керек.
5. Құралдарды тоқ көзіне еш уақытта қалдыруға болмайды.
6. Жаңа техника алған кезде оның қуаты мен энергияны тиімді пайдалану
класына қарау керек, бұл отбасы бюджетіне әсері болуы әбден мүмкін.
Суды үнемдеу
Энергияны үнемдеу проблемасы – суды үнемдеумен тығыз байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын азайтуға әкеледі.
Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны тиімді есептеуді жолға қою қажет. Бұған суды пәтерлік есептегіштің көрсеткіштері мен ай сайынғы төлем құжатының деректері көмектеседі. Бұл ақпаратты талдау суды және тиісінше ақша қаражатын үнемдеудің өз бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі крандардың ақаусыздығы болып табылады. Өйткені сіреңке талынан сәл қалың су ағыны арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайтасыз. Душ қабылдау кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасын мүмкіндігінше оны толық жүктеп, суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып пайдаланыңыз.
Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз. Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз, яғни минутына – 15 литр.
Асүйдегі кранға «душ» үлгісіндегі арнайы қақпақ-бөлгіш сатып алып, орнатыңыз. Ыдысты жуу кезінде суды тиімді пайдалануды жоғарлату есебінен оның шығысы төмендейді (жуудың ыңғайлылығы үшін су ағыны аз болуы керек).
Қолмен жуу кезінде раковинаның (не өзге ыдысты) бірін жуу құралымен араластырылған сумен толтырыңыз. Одан соң келесі раковинада жуу құралы сіңген ыдысты жылы судың болмашы ағынымен шайыңыз. Бұл тәсіл ыдыс жууға кететін суды тұтынуды 3-5 есеге төмендетеді.
Ыдыс жуу машиналарын пайдалану – қымбат болғанымен үнемлдеудің тиімді тәсілі. Жуу циклі кезінде судың жұмсалуы ыдысты қолмен жуумен салыстырғанда бірнеше есеге төмен. Жуу циклі ішінде энергия тұтыну кранмен ыдысты жуу кезіндегі суды жылыту шығынан аз.
Көкөністер мен жемістерді кран сөндірулі күйінде раковинаны сумен толтыру арқылы жуу керек. Бір адамға үнем: күніне 10 литр су.
Краннан ағатын ағын су астында өнімнің мұзын ерітпеңіз. Дұрысы өнімді мұздатқыштан тоңазытқышқа алдын ала қойған жөн.
Әр күні суды үнемдеудің ең болмаса бір тәсілін пайдаланып көрсеңіз Сіз үнемді сезінетін болсасыз.
Достарыңызбен бөлісу: |