Лагерь «Бастау» Күні:. 06. 2020 Тәрбиеші: Нұрлан Арузат Нұрланқызы топ: Zzz



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі29,92 Kb.
#100222
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
2)ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Топпен жұмыс

«Мен қалай үнемдеймін?» эссе жазу

«Мен қалай үнемдеймін?» сурет салу

Есіңізде болсын!

Түртіп алып отырыңыз
Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз


Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

3. Тамақ сатып алғанда...


Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз


Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз.

Қорытынды



Экономиканың негізгі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларды қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Экономика байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет