124
Қажылық
Мағынасы:
Я, Алла! Ибраһим мен оның әулетіне ризалығыңды
білдіргендей,
Мұхаммед пен оның әулетіне
ризалығыңды білдір.
Ибраһим мен оның бүкіл әлемдегі әулетіне бере-
ке бергендей, Мұхаммед пен оның әулетіне де береке
бер.
Сен мәңгілік мақтауымсың.
Осы дұғаларды оқып болғасын, қажы сүбхана
Алла тағаладан құрбандыққа шалынатын малды қабыл
алуын сұрайды:
Оқылуы:
Би-исмил-лаһи уә Аллаһу әкбәр, аллаһумма һәзә
минкә уә ләкә,
Аллаһумма тақаббәл миннии.
Мағынасы:
Алла атыменен. Алла – Ұлы!
Я, Жаратқан Ием! Бұл (малды) Саған арнадым.
Менен қабыл ал.
Қажылар
құрбандыққа шалынған малдың
етін үштен бірін пайдаланып,
қалғанын қайыршы-
мүсәпірлерге үлестіріп береді. Зүл-хижжа айының
10-13 күндер аралығында сойылған мал құрбандыққа
шалынған болып есептеледі.
Содан
кейін қажылар шаштарын алады, не
қысқартады. Қажы әйел шашының бұрымын саусақтың
еліндей қысқартады. Қиылған шаштарды Минада жер-
ге көміп тастайды. Міне, осыдан бастап ихрам кезінде
тыйым салынған барлық іс-әрекеттер қайтадан рұқсат
етіледі. Қажылар ихрам хал-күйінен шығып, Меккеге
келеді.
125
جحلا كسانم
Мәсжид Харамда қажы «тауаф әл-ифада»
(«қосымша тауаф») әдет-ғұрпын орындайды. Тауаф
әл-ифада алғашқы тауаф
әл-құдым секілді қасиетті
Қағбаны жеті рет айналатын діни жора. Алайда тау-
аф әл-құдымға қарағанда, Қағбаны қалыпты жүріспен
жеті рет айналады. Сосын Алла тағалаға шүкіршілік
етіп, зәмзәм суын ішеді.
Егер қажы Зүл-хижжа айының 8-күніне дейін тау-
аф әл-құдұм мен сағи діни жораларын жасамаған бол-
са, онда ол сағи рәсімін орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: