Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет82/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
Оның ұзындығы 70 қадам, ені – 60 қадам, ал биіктігі – 
5 қадам болды.
Кейін һижра жыл санауының 7-ші жылы Мұхаммед 
пайғамбар (
с.а.с.
) мешіттің ауданын 10 мың шаршы 
қадамға дейін ұлғайтып, биіктігін 7 қадамға көтеріп, 
пальманың бұтақтарымен шатырлаған. Мешіттің 
үш қақпасы болған, бірі – Иерусалим (Құдыс) жаққа 
қараған. Ол кезде мешіттің құбыланы көрсететін мих-
рабы болмаған. Содан Алла тағаладан уахи сөз келіп, 
мұсылмандарға Меккедегі Кағбаға қарап намаз оқуға 
әмір еткен. Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) мешіттің Мек-
кеге қарайтын төртінші қақпасын жасап, Иерусалим 
қақпасын бекітіп тастаған. Бұл оқиға Бадр құдығы 
жанындағы шайқастан екі күн бұрын болған еді. Осы 
шайқаста мұсылмандар алғаш рет жеңіске жетті.
Алғашқы кезде мешітте мінбер де болған емес, 
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) пальма ағашының діңгегіне 
шығып, уағыз айтқан. Кейін мұсылмандардың біреуі 
төрт баспалдақтан тұратын мінбер орнатқан. Мұхаммед 
пайғамбар (
с.а.с.
) мінбердің үшінші баспалдағында 
тұрып, уағыз айтқанды ұнатқан. Ғасырлар өткен сайын 
мешіттің мінберлері де жаңғырып тұрған. Айта кететін 
жайт – һижра жыл санауының 664 жылы біздің баба-
мыз – Мысыр мен Шамды билеген Сұлтан аз-Захир 
Бейбарыс Пайғамбар мешітіне жаңа мінбер жасатып
ол 794 жылға дейін сақталып келген.
Пайғамбар мешіті өз тарихында бірнеше рет 
жөндеуден өткен. Соңғы рет жөндеу және кеңейту 
жұмыстары өткен ғасырдың 80-ші жылдары болған. 
Қазір мешіттің ауқымы – 235 мың шаршы метрді алып 
жатыр. Мешіттің ортасындағы ашық бөлігінің шаты-
ры ашылып жабылады. Мешіттің 10 мұнарасы бар, 


140
Қажылық
жаңадан салынған мұнаралардың биіктігі – 104 метр, 
көнеден келе жатқан мұнаралар – 70 метр. 
Мешіттің ескі бөлігінің үстінде жасыл күмбез 
орналасқан. Бұл жерде Мұхаммед пайғамбарымыз 
(
с.а.с.
) жерленген. Пайғамбардың қабірі өзі өмір сүрген 
үйдің орнында салынған. Пайғамбар зиратында Ислам 
тарихында әділ билік жүргізген төрт халифаның екеуі, 
Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) ізбасарлары: Әбу 
Бәкір мен Омар бин әл-Хаттаб жерленген.
Пайғамбар зиратына бару сүннетке жатады. Сүннет 
дегеніміз – мұсылмандардың игілікті, жақсы істері. 
Пайғамбар мешітіне зияратты қажылықтық алдында 
да, соңында да жасауға болады. Әдетте мұсылмандар 
қажылықтан соң зиярат қылады.
Мәдина мүнәууәраға келген бетте қажы бірден 
Пайғамбар мешітіне барады. Өйткені «Кім Пайғамбар 
мешітіне барып, қырық намаз оқыса, сол адам тозақ
отына күймейді, көр азабын көрмейді, күнәсі 
кешіріледі» деген нақыл сөз бар.


141
جحلا كسانم
Пайғамбар мешітіне кірген мұсылман өзін 
салмақты, байсалды ұстайды. Кірген бетте мұсылман 
былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет