Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет95/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
Ихрамның ифрад және қиран түрлері қажылықка 
байланысты болса, таматтұғ ұмраға қатысты. Құран 
кәрімде «Қажылық - белгілі айлар» деген аят бар. Сол 
қажылық айларына Шәууәл, Зүл-қағда және Зул-хижжа 
айлары жатады. Қажылық мезгілі Шәууәлдан баста-
лып, «әййәм әт-тәшриқ» күндерінен аяқталады. Міне, 
қажылық айларынан басқа уақытта Меккеге барып, 
сүбхана Алла тағалаға құлшылық етуді - ұмра дейді.
Сонымен ұмра жасау үшін мұсылман адам ихрам 
хал-күйіне түседі, Қағбаны жеті рет айналады, яғни 
тауафты орындайды. Сосын Сафа мен Мәруа арасында 
жеті рет жүгіреді, яғни сағиды орындайды. Одан кейін 
шашын қысқартып, не алып, ұмраны аяқтайды.
Соңғы жылдары Сауд Арабиясы мен Қазақстан 
арасындағы ынтымақтастық едәуір дамып келеді. 
Мекке мен Мәдина қасиетті қалалары бар осы елге 
іссапармен келіп жатқан қазақстандықтардың да саны 
жылдан жылға өсуде. Өзін мұсылман санайтын, бірақ 
жастайынан діни тәрбие алып көрмеген бауырлары-
мыз Сауд Арабиясына келгенде Меккеге барып, Алла 
тағаланың Үйі - Кағбаны көруге, кіші қажылық - 
ұмраны жасауға ниет етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз 
(
с.а.с.
) жүрген қасиетті жерлерді көргеннен кейін, елге 
оралып, мұсылманға жат қылықтарын тастап, Алла 
тағаланың ақиқат жолына түскендер қаншама. Алайда 
бұрын намазға жығылып көрмеген олар Сауд Арабия-
сына алғаш рет келгенде мұсылманның бес парызының 
қыр-сырын білгісі келеді. Сондықтан келесі тарауды 
салиқалы мұсылман болғысы келетін Қазақстан аза-
маттарына арнадық.
 


164
Қажылық
 
ИсЛАмНың бес ҚАзығы
Ислам – сүбхана Алла тағаланың ақиқат жолы, 
Мұхаммед пайғамбарымыз (
саллаллаһу ғаләйһи уә 
сәлләм
) мұсылмандарды осы ақиқат жолмен бастап
Ислам жайында былай деген екен: «Ислам бес қазыққа 
негізделген: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед 
оның елшісі» деп шаһадат айту, бес уақыт намаз оқу, 
зекет беру, Рамадан айында ораза ұстау және қажылық 
жасау». Осы бес қазықты арабтар «әркән-әд-дин» десе, 
қазақтар мұсылманның бес парызы деп атайды.
Сүбхана Алла тағала – «Ең жоғары мәртебелі 
Алланың даңқы арта берсін» деген сөз. Алланың атын 
ауызға алғанда бір сөзбен айтуға болмайды. Жаратқан 
Иеміздің тоқсан тоғыз теңеуі бар, солардың біреуін 
қосып айтқан абзал болады.
Саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм (
с.а.с.
) – «Алла оны 
жарылқасын және қолдасын» деген мағына береді. 
Мұхаммед пайғамбарымыздың атын атағанда бұл сөз 
тіркесі міндетті түрде қосылып айтылады. Сол сияқты 
басқа да пайғамбарларды еске алғанда осы сөз тіркесін 
немесе оның қысқарған түрі «
ғаләйһис-сәләмді
» (
ғ.с.

қосып айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет