Ландшафтық дизайн



Pdf көрінісі
бет59/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
Байланысты:
5-6 апта СРСП Князова ХБ-201, 5-6 апта СРСП Князова ХБ-201, resume, Smiles 2 2-тоқсан
антитранспиранттар 
(
Москвада 
қолданылады

бүркіп, 
бөрікбасын өңдейміз. Антитранспиранттар ағашты қазып алу 
және тасымалдау барысында, жапырақтың ылғалды буландыру 
процесін азайтады. Бұл қоспа топырақ ылғалды болған жағдайда 
(50-60%) ғана жақсы әсер етеді. Бұл қоспаның орнына 
синтетикалық латекстің судағы ерітіндісі (дисперциясы) ДММА-
65-1ГП пайдалануға болады. 
Антитранспирация қоспасын орман көшетжайында бүрку 
алдында дайындайды. Зауыттық препарат синтетикалық латексті 
таза суға 
1:6 
немесе 
1:8 қатынасты 
мөлшермен дайындайды. 
Дайындалған дисперцияға сұйық сабын немесе сабын 
концентраты ОП-7 (2-3%-дық ерітінді) қосылады. Қоспаны 
жақсылап араластырған соң, пайдалануға болады. Орман 
көшетжайында ағаш және бұталарды тракторларға тіркелген 
бүріккіштермен өңдейді. 
Өсімдіктерді қоспалармен өңдеу мұқият жүргізілуі тиіс. 
Жапырақтың төменгі және жоғарғы беті қоспамен толық 
ылғалдануы керек. Өңдегенен кейінгі 3-4 сағаттан соң, жапырақ 
бетінде жұқа эластикалық қабат пайда болады. Бұл қабат 
өсімдіктердің 
суды 
буландыруын 
40-60%-ға 
азайтады. 
Өңдегеннен кейін келесі күні ағашты қазып алып, көгалдандыру 
зерзатына апарып отырғызуға болады. Ағашты отырғызған соң 
жақсылап суарып, топырағын қопсытады.
Жапырақтағы антитранспирант қабаты 20-25 күнге дейін 
сақталады. Ал оның суды буландыруды азайту қасиеті 15-18 
күнге дейін әсер етеді. Бұл өсімдіктің жаңа ортада тез 
тамырлануына әсер етеді. Сонымен бірге өсімдіктің жапырағы 
зақымдалмай, өзінің сәндік қасиетін сақтайды.


Ауыстырып отырғызу кезінде антитранспиранттарды жақсы 
көтеретін ағаштар: ұсақ жапырақты жөке, үшкір жапырақты 
үйеңкі, атбас талшын, виргиндік мойыл, ұшқат, тобылғы, 
чубушник және т.б. 
Жаз мезгілінде
 
ағаштар мен бұталарды отырғызу 
жұмысында, өсімдіктің физиологиялық жағдайына, биологиялық 
ерекшелігіне, ауа-райы жағдайы мен уақыт мезгілін ескеру қажет. 
Зерттеу нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей, жаз мезгілінде 
ағаш отырғызудың 3 кезеңі бар: 
1-ші кезең – 
мамыр айында ағашты ауыстырып отырғызу. 
Бұл кез ағаштар мен бұталардың өркендері мен тамырлары 
жақсы өсетін уақыт. Ауыстырып отырғызғанда өсімдік әлсірейді, 
бірақ жерсінуі қалыпты деңгейде болады. Отырғызылған 
өсімдікте жарақатымен күресуге және алдағы келе жатқан қысқа 
қажетті қоры болады. Бұл кезде антитранспиранттарды 
пайдалану міндетті емес. Жас өркендерін аз мөлшерде кесу керек. 
Ең бастысы – ағашты отырғызғаннан кейін жиі-жиі суару керек.
2-ші кезең – 
маусым айының ортасы мен шілде айында 
ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кезде ағаштар мен бұталардың 
өсуі тоқтайды. Қысқа қажетті қорлар қалыптасып жиналады. 
Метеорологиялық 
факторлар 
қолайлы 
(ауа 
жоғарғы 
температурада, төмен салыстырмалы ылғалдылық) болып, 
өсімдіктің жерсінуі ең төменгі нәтижеде болады. Зерттеу 
нәтижелері 
мен 
тәжірибе 
көрсеткендей, 
бұл 
кезде 
антитранспиранттарды пайдалану керек. Өйткені қоспаны 
пайдалану кезінде өсімдікте ылғал сақталып, жерсіну деңгейі 
артады. 
3-ші кезең – 
тамыз айында ағашты ауыстырып отырғызу. 
Бұл кезде ағаштар мен бұталарда жаңа жасушалар түзіліп, 
тамырда қысқа қажетті қорлар жиналып болады. Тамырдың өсуі 
артады. Әсіресе бұл құбылыс тамыз айының соңында байқалады. 
Бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану міндетті емес. 
Антитранспиранттарды пайдалану тамыз айының бірінші 
жартысында тиімді болып келеді. 
Жаз мезгілінде
 
ағаштар мен бұталарды отырғызу 
жұмысында антитранспиранттарды пайдаланып, жүйелі дұрыс 
суараса ғана өсімдіктің әсемдік қасиеті сақталып, жерсіну деңгейі 
артады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет