көрінеді. Металдан жасалған қоршаулар немесе металды сеткалар
арзан және мықтылығынығ арқасында көп тараған. Қарапайым
сымдардан әдемі пішіндерді құрастырып, қора жасауға болады.
Темір қоршау ұзақ сақтплпды және сәндік қасиетін жоғалтпайды.
Бетон қоршау кірпіш қоршауға ұқсас, бірақ өзіндік ерекшелігі
бар. Қазіргі таңда бетон қоршау сирек кездеседі, себебі оны құру
қиын және еңбекті көп талап етеді. Дайын бетон блоктарды жиі
алмастырады. Бетон қоршауларды қолдану жағдайында кез
келген түске бояуға болады. Оны ашық түске бояп, және уақыт
талабына байланысты түстерін ауыстырып отыруға болады.
Бетон құймалар біртегісжәне тесіліп ою салынған түрінде де
кездеседі. Ойылып ою салынған бетондарды сыртқы және ішкі
қоршау ретінде пайдалануға болады.
Соңғы жылдары заман талабына сай, керамикалық және әйнек
плиталардан, табиғи тастардан және ағаштардан жасалып
жатады. Бұл бетон және кірпіш қоршауға қарағанда сұраныста
өте көп және басқалардан үлкен айырмашылығы бар: олар
мрамор, гранит кірпіш қалаулары болып табылады. Кейбір
жағдайларда тірі қоршаулар пайдаланылады. Әсіресе олар
дуалдары қисық орналасқан қоршауларда әдемі көрінеді.
Егер қоршау ағаштан жасалынса, оның дарбазасы да есігі де,
ағаштан жасалу керек. Кірпіш бетоннан қаланған қоршауларға
дарбазасы металлдан және қашадан жасалынған қоршаулар
үйлесімді келеді, ал металлдан жасалынған дарбазаларға сым
қоршаулар мен жиектемелер жақсы үйлесімін табады. Егер
қоршаулар биік болса, онда оның дарбазасы сондай биік немесе
аздап кішірек болуы тиіс. Дарбазалардың ені жолдың енімен
бірдей болуы керек және еннің ұзындығы 3метрден аспауы керек.
Қақпа және калитка құрар алдында мына жағдайларды ескеру
керек: үлкен қақпа ішіне қарай калитка сыртқа қарай ашылуы
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: