Ландшафтық дизайн



Pdf көрінісі
бет24/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
Вертикальды көгалдандыру 
Белгілі бір жерді, бұрышты өзіне ыңғайлы және сәнді жасау 
үшін осы вертикальды көгалдандыруды пайдаланылады. 
Оралыңқы сәндік өсімдіктер қақпаны, дуалдарды, тақыр жерлерді 
ғажайып көркейтуі мүмкін әлде басқа жетіспеушіліктерді жабуға 
болады. Лианалар өсе келе жасыл дуалдарды құрайды және аз 
орын алады. Оралмалы өсімдіктер сәндік әсерден басқа да 
ерекшеліктері бар: құрылыстарды желден және күн сәулесінен 
қорғайды, шудың даусын төмендетеді, шаңды ұстап қалады және 
жапырақтарда жиналған шаңды жаңбыр шайып өтеді. Лианалар 


бірнеше топқа бөлінеді: оралып өсетін лианалар; дуалдарға мініп 
өсетін лианалар; жабысып өсетін лианалар; сүйеніп өсетін 
лианалар. 
Әр түріне байланысты дуал, тіреу таңдау керек. Ол 
беседкалар, шамдар, шпалерлер, аркалар және столбтар болуы 
мүмкін. Вертикальды жерлерді сәндеу үшін біржылдық және 
көпжылдық лианаларды пайдалануға болады. 
Біржылдык лианаларды отырғызғандағы артықшылықтары: 
сол жылы отырғызғаннан кейін әдемі гүлдеріне қарап қызығуға 
болады, әрдайым әртүрлі өсімдіктерді таңдапшымылдық тәрізді 
жобалауға болады. Жасыл бұршақ, сәндік асқабақ, ипомея, 
настурция немесе қанатты тунбергия отырғызу нәтижесінде 
қысқа мерзім ішінде көп әсер алуға болады. 
Біржылдық өсімдіктер әдемі гүлденеді бірақ отырғызар 
алдында отырғызу орнына көңіл бөлу керек. Біржылдық 
оралмалы өсімдіктердің көбісі жарық сүйгіш болып келеді, 
сондықтан олар көлеңкелі жерде дұрыс өспейді. 
Көпжылдық лианаларды үй дуалдары ағаштан жасалған болса 
отырғызбаған жөн: өйткені ол ашық тесік жерлерге бұтақтары 
кіріп құрылысты құртуы мүмкін. Сонымен қатар қарлы кезде 
қиындық тууы мүмкін. Бұл жағдайлардан дұрыс шығуы үшін 
көпжылдық өсімдіктердің бойын қысқартып тұру керек. Бірақ 
лианалар оны кескенге қарамай үйге көп пайдасын тигізеді. 
Мысалы: құрылыстарды температураның күрт төмендеуінен 
және ауаның ылғалдануынан сақтап тұрады. 
Өз учаскесінде жасыл дуалдарды жасау қиын емес, тек оны 
күту ережелерін жақсы білу қажет. Біріншіден, өсімдікті таңдау 
керек, содан оған қажетті күн сәулесі түсетін жер таңдау керек. 
Өсімдіктің тамыр жүйесін құртып алмас үшін отырғызар алдында 
лианаға тіреу жасап қойған дұрыс болады. 
Көп уақыт гүлдеп өсіп тұру үшін біржылдық және көпжылдық 
өсімдіктерді дұрыс жобалау қажет. Біржылдық өсімдіктерді 
уақытылы қырқу керек, нәтижесінде гүлденуі мен шашыраңқы 
бойын ескере отыру керек. Ал көпжылдық өсімдіктер гүлденуі 
ұзақ әрі қурап қалмас үшін қырқу керек. 
Вертикальды көгалдандыру учаскені өзінің талғамы бойынша 
сәндеуге болады, монотондық құрылыстарға әртүрлі сәндеулер 
кіргізуге болады, сонымен қатар жасыл алаңдар мен көп гүлді 
жерлерде демалу бұрышын жасап қоюға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет