Байланысты: Презентация Microsoft PowerPoint Олжас
Қолданбалы Геодезия
Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады. Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады: - жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде аныктау; - тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу; - республикамыздың корғаныс мұктаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады. Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотограмметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өндеуде осы күнгі ғылыми математикалық өндеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әр түрлі цифрлы және электронды машиналар қолданылады. Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалык-механикалық және электронды- оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар қүрастырылады. Географияны білу жер бедерін қүрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру зандылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жерді зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның зандары мен аспаптарын пайдаланбай, мүндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалык сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді. Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялык өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты күрылыстары (метро, кабельдер, қүбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта эскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т.б. үшін пайдаланылады.