Ландшафтық дизайн



Pdf көрінісі
бет78/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92
 
Төсем (төсеніш)
бақты жобалаудағы ең маңызды 
бөлшектердің бірі болып табылады. Саяжолдың, жолдар мен 
алаңдардың үстіңгі қабатының фактурасы яғни, мысалы, 
декоративті бетон тақтасы, қиыршық тас, шағыл тас, ірі тас, ағаш 
жиектер, клинкер түрінде өңделуі бақтың ландшафтық 
дизайнының көркемдігі әсерін береді. Шағын жер телімдеріне 
төсеніш жасаудың ерекше өнерін жапондық бақтардан немесе 
испан-мавритандық «патио» бақтарынан көруге болады.
 
Бедер пластикасы
кіші бақ жобасын жасауда ерекше рөл 
атқарады. Топырақ үйінділері және төбешіктер, шағын бөктерлер 
мен кіші-гірім ойпаттар жердің тірілу әсерін беріп, көзге ерсі 
көрінетін жайсыз жерлерді жасыруға, жалпы айналаны әрлеуге
тіреуіш қабырғалар мен баспалдақтарды жасауға мүмкіндік 


береді. Үстіне тас қойылып, гүлдер егілген Альпы төбешіктері, 
бөктері жазық, гүлзарлы көгал төбешік, жазық террасалар мен 
төмендетілген алаңқайлар кіші бақ кеңістігіне әралуандылық 
әсерін беруге мүмкіндік туғызады.
Тастақ бақтар, Альпы төбешіктері (рокарийлер) кіші 
бақтың ерекше декоративті әсерін туғызады. Олар көбінесе 
күнгей баурайларда қалың ағаштардан 3-5 м қашықтықта 
орналастырылады. Тастақ бақтар мен рокарийлерді қиябеттер 
мен тіреуіш қабырғаларды пайдаланып, топырақтан жасанды 
төбешіктер мен төбелер жасап, толқынды жер бедеріне орнатқан 
жөн. Таудың ортасына (биіктігі 1,5 м дейін келеді) бетон 
қаңқадан 
жасалып, 
әртүрлі 
тастармен 
әрленген 
сарай 
орнатылады, оның пішіні әртүрлі, көптеген жағдайларда сопақ 
болып келеді.
Тастарды орналастырған кезде жер бедерінің ерекшелігін 
ескеріп, оларды табиғиға жақындатып топтастыру қажет. Мүк 
пен қына басқан айрықша әдемі тастар жапон әдісімен ең ашық 
жеріне орналастырылады. Тастардың құрамы бірдей болмауы 
керек, көлемі де ең кішіден ең үлкенге дейін болып келуі тиіс
шағын ғана тасты өзен жасауға болады. Мәні бойынша тастар 
ағаштар сияқты заңдылықпен топтастырылады. Тастардың 
барлығының үштен бір бөлігі жерге кіргізіліп қойылуы керек.
Тастақ бақтарға аласа ағаштар мен бұталарды отырғызады 
(аршаның әртүрлі типтері мен пішіндерін, “Conica” шыршасын, 
тау қарағайын, бұталардан – бөріқарақатты, спиреяның тауда 
өсетін түрлерін, магонияны, қызылдарды), баданалы (қызғалдақ) 
және түйнекбаданалы (крокустар) өсімдіктерді, көпжылдық 
гүлдерді (қалампыр, драцена, седума т.с.с.), папоротниктерді 
және тағы басқа жер жастанып өсетін өсімдіктерді отырғызады. 
Аса биік және жайқалып өсетін өсімдіктерді алмаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет