Ландшафттану физикалық географияның саласы ретінде: зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу әдістері. Ландшафттану


Фация – ландшафттың қарапайым морфологиялық элементі ретінде



бет12/17
Дата11.07.2020
өлшемі55,48 Kb.
#75097
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
шпооор Ландшафттану

Фация – ландшафттың қарапайым морфологиялық элементі ретінде.

Фация - геожүйелік иерархияның ең төменгі сатысы (категориясы). Ол түрған жері мен өмір сүру ортасының біртектілігімен және бір биоценозбен сипатгалады. Фация бұрыннан-ак ландшафттык түсірулер кезінде табиги территориялык бірлік ретінде картага түсіріліп келді, бірак әртүрлі атпен аталады. Эпиморфа (РГИ. Аболин), элементарлық ландшафт (Б. Б. Полынов, И. М Крашенинников), микроландшафт (И. В. Ларин), биогеоценоз (В. Н. Сукачев) т.б. сиякты әртүрлі атаулары бар. ! « ‘Ьіндаіы

17

Көптеген терминдер ескірді, қазір ландшафттар геохимиясында фацияларды — элементарлық ландшафт деп атайды. Фация - тірі организмдердегі клетка тәрізді. Фациялық деңгейде мынандай ландшафттық зерттеу жұмыстары жүргізіледі: 1) геожүиедегі зат жэне энергия айналымы мен тасымалын зерттеу; 2) тірі ағзалардың биогеохимиялық функциясын зерттеу; 3) ландшафттардың вертикальды байланысын зерттеу; 4) динамикалық ерекшеліктерін зерттеу; 5) жергілікті жердегі «нүктелік» мәліметтер жинау; 6) стационарлық ландшафттық зерттеулер жүргізу. Фация - ашық геожүйе, ол маңындагы фациялармен тыгыз қарым-қатынаста ғана өмір сүре алады. Қарапайым геожүйе ретіндегі ландшафттың негізгі ерекшеліктері: 1) қозгалмалылығы; ; I ш - ^ ^ ■ U w 2) салыстырмалы тұрақсыздығы; 3) аз уақытта өмір сүруі. Фациялардың эр алуандығы оларды белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Фациялар түрлерінің классификациясын жасагандар: JI. Г. Раменский, Б. Б. Полынов, М. А. Глазовская. Б. Б. Полынов фацияларды элювиальді, супераквальды жэне субаквальды деп бөледі. Элювиальды фациялар - көтеріңкі су айырықтық мекенжайларда (плакорларда) орналасады. Жер асты сулары өте терең орналасқандықтан, өсімдік жамылгысы мен топырак кабатына әсерін тигізбейді. Мұнда заттар қабаты арқылы жеткізіледі, ал шыгын су ағындары арқылы жүзеге асырылады. Супераквальды фациялар - жер асты сулары жер бетіне жакын орналаскан жерлерде қалыптасады. Буланудың нәтижесінде бірталай еріген қоспалар жер бетіне көтеріледі. Осыған байланысты топырақ жамылғысының жогары қабаты химиялық элементтермен толықтырылады. Субаквальды фациялар — сулы жерлерде калыптасады, сондықтан түпкі батпақтарда қозгалмалы химиялық элементтер жинақталады. Мұнда гумустың орнында сапропельдер пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет