Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

 
арманыңдағыдай өмір
сүру үшін қорқынышыңды жең.
Ал бұл үшін нəтижеге сену
керек. Қорқыныш пен нəтиже арасында жер мен көктей айырмашылық
бар. Өміріңді өзгертудің жалғыз шешімі – еркіндікке самғау.
Бұл қадамды жасауға қорықпаңыз. Сонда қорқыныш сейіледі. Мен
Мəскеуден кетерде жұмыстан қуылдым. Менің басты қорқынышым
жалпыға ортақ үрей сынды: ақшаның бітіп қалуынан қорқу болды.
Білесіз бе, дəл солай екен. Алайда ешкімнің басы жарылып я қолы
сынбады, яғни еш нəрсе бүлінген жоқ. Бұл ең ерекше, қызық уақыт еді.
Мен серуендеуді ұнаттым, киім жинау əдісінің он шақты түрін
үйрендім, аяқ киімімді сəндеп үйрендім.
Ғажайып күту
Менің арманымның бірі мынау еді: Есік алдына курьер келіп: «Сəлем!
Мен Михаил Прохоровтың қорынан
1
 келдім. Михаил сіздің талантты
адам екеніңізді білді. Міне, сондықтан мына бес миллион рубль сізге.
Қарымына ештеңе сұрамаймыз. Бұны өзіңізді дамыту жолында
жұмсаңыз», – десе ғой.
1
Ресей мəдениетін қолдауға бағытталған бизнесмен Михаил Прохоровтың жеке
қайырымдылық қоры 2004 жылы құрылған.
Мен жылдар бойы күткеніммен курьер келмеді. Барлық адам өмірінде
əлдебір ғажайыпты күтеді. Ұтыс ойындарынан миллион жеңіп алсақ
немесе көк түсті тікұшақтан сиқыршы келсе, өміріміз өзгеріп
кететіндей. Алайда сиқыршы келмейтіні анық қой.
Біз ғажайыпты өзімізден емес, өзгелерден күтеміз.


Ал əрі қарай ше?
«Вконтакте» желісіндегі группамның артынша «МИФ» баспасына
жұмысқа тұрдым. Бұл өзіме деген сенімділікті арттырды. Кейін өзімді
өзгертуге деген ерік-жігер де пайда болды. Келесі жарты жылдықта
шамамен 30 келідей салмақ тастадым. Мен əлі күнге дейін «күніне бір
сағат» əдісін қолданамын. Күніне бір сағатымды тақырыпты зерттеуге
бөлемін. Осылайша, қорқынышымды сейілтіп, кішкентай қадамдар
арқылы жаңа өмір құрдым.
Бір күні есігімді əлдекім қақты. Есіктің ар жағында Михаил
Прохоровтың қорынан курьер емес, танысымның таныстары келіп тұр.
«Біз сіздің «ВКонтакте» желісіндегі жазбаларыңызды оқимыз. Бізге
ұнап жатыр. Жақында 15 шақты адам жинап, сізбен сұқбаттасқымыз
келеді. Өз тарихыңызбен бөлісе аласыз ба?» деп сұрады.
Бұл расымен керемет мүмкіндік еді: мен бақандай 15 адамға шабыт
сыйлай аламын. Ал бұл дегеніміз – 15 бүтін əлем. Сосын тағы 15 адам,
кейін тағы 15 адам қосылды. Сосын сол 15-тің ішінен біреуі келіп:
«Маған түсіндіру əдісіңіз ұнайды. Қанеки, енді 150 адам жинайық», –
деп ұсыныс тастады.
Біз кейін 150 адам жинадық, сосын тағы 150 адам қосылды. Артынша
250 адам қосылды. Ендігі жерде бұл толқынды тоқтату мүмкін болмай
қалды. Енді өзім басшылық жасап Казань қаласында TEDx
2
конференциясын аштым. Бұл – мен үшін үлкен мəртебе. Себебі TED –
əлемдік алаң. Бұл жерде Билл Гейтстан Тони Роббинске дейінгі
дүниежүзінің ең айтулы тұлғалары бой көрсеткен.
2
TEDx – түрлі мемлекеттерден, қалалардан жиналып, тəуелсіз ғылыми сараптамалармен
жəне түрлі саладан жаңа идеялармен бөлісетін TED (Technology, Entertainment, Design –
Технология, ойын-сауық, дизайн) конференциясы жобаларының бірі. Ресейде 2009 жылдан
бастап өткізіліп келеді.
Расында, мен əлемдік күштің қалай жұмыс жасайтынын білмеймін.
Бір білетінім: егер сен жүрек қалауына құлақ түріп, ішкі дауысыңның
соңынан ерсең жəне қорқыныш шыңынан секіре алсаң, барлығы
жақсы болады.
Мен ақсүйектің қорынан келген курьердің есігімді қақпайтынын
білемін. Ешкім маған өзімді табуға миллион ақшасын сыйлап бере
салмайды.
Бұл əлемде өзімізден басқа ешқандай ғажайыптың да жоқ екенін
білемін.


Кей кездері көпшілігіміз құлаудың аз-ақ алдында тұрамыз. Бірақ
құлаған соң нағыз өмір басталатынына сенімдімін.
Қорқынышты ма? Əлбетте.
Алайда өміріңнің соңында өкінбеудің жалғыз əдісі – өзіңе сену, бас
тіге білу
.
Бұл қадамды жасаңыз.
Ұзақ мəтінді оқуды ұнатпайтындар үшін резюме
«Бір сағат» техникасын орындау үшін мыналарды жасаңыз:
Дəл қазір қойын дəптер не күнтізбе алыңыз да, алдағы аптадан бос күн
табыңыз. Нақты уақытты да анықтаңыз.
Өзіңізге қызық тақырып табыңыз. Тақырып кез келген саланы қамтуы
мүмкін: сүйікті жұмысыңызды табудан жеке өміріңіздегі мəселені
шешу немесе салауатты өмір салтын ұстануға қадамдар болуы мүмкін.
Өзгеріске арналған алғашқы сағатыңызды жоспарлаңыз. Меніңше,
ұтымды нұсқа – кітап оқу немесе қалаңыздағы өзіңіз қызығатын іс-
шараларға қатысу. Одан кейін қайда жылжу керектігі айқындала
түседі. Келесі сағатыңызды арнасаңыз да болады. Лаоцзыдың
«Мыңдаған шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады»
деген сөзін ұстаныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет