Адамдар дереу бұл өсімдікті іздеуге көшеді. Бірақ бұл əдіс бəріне
көмектеспейді. Олар дельфин суға батырып жіберген жандар секілді.
Бəлкім, олар батып кеткендерден де көп шығар.
Тірі қалғандардың жүйелік қателігін тағы бір мысалмен түсіндірейін.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлық британдық əскер базаға
қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандарда түрлі жарақаттар мен
соғыс іздері болды.
Сонда басшылық əуе күштері мен
қорғанысты нығайту керек деп
шешті: жаудың тісі бата алған жерлер осы екен. Бірақ венгриялық
математик Абрахам Вальд (1902-1950) дұрыс сұрақ қою арқылы əуе
мен қорғаныс күшінде ешқандай мəселе жоқ екенін түсінген. Майдан
алаңына беттеген ұшақтар түбінде базаға қайта оралып жатыр ғой. Ал
ненің күші əлсіз екенін тек қайта оралмаған ұшақтар біле алады.
Əлбетте, оны ешкім зерттемейді. Нəтижесінде бомбалаушы
ұшқыштардың ең əлсіз тұстары мұнай бөшкесі мен ұшқыштың
кабинасы екен. Дəл сол жерлерге снарядтар түссе,
ұшақтар қайта
оралмайтын көрінеді.
Жұмыс жасамайтын тиімсіз техникалар мен сəтсіздіктер
тарихы
Əдетте, табысқа жеткендер жайлы мақалада: «Табыстың құпиясына
сенуге болмайды, себебі көбісінде кездейсоқ оқиғалар бар. Мəселен,
компания басшысы сауда үйінің лифтінде тұрып абайсызда болашақ
клиентімен танысып қалды. Тағы бір мысал: клиент бəсекелесімен
бірге келе жатыр еді, абайсызда басқа жаққа бұрылып кетті.
Келісім
шарт басқа компаниямен жасалды. Бұл дегеніміз – табысқа жету
кездейсоқтық, аяқ астынан орын алатын жағдайлардың жиынтығы».
Мұндай кезде мына сұрақ туады: «Apple-дың табысқа жеткен жолы
бүге-шүгесіне дейін жазылған. Бірақ неге оны ешкім қайталай алмай
жатыр?»
Мамандар əуелі табысқа жетпей қалғандардың тарихын зерделеуді
ұсынады. Осы тұста олармен келісемін. Алайда «тірі қалғандардың»,
яғни табысқа жеткендердің ой-санасы тереңірек зерттелу керек сынды.
Маңыздысы, бұл не нəрсеге үйрете алады? Өз жолыңды табуға үйрете
ме əлде дайын сызба бойынша өміріңе нұсқаулық бере ме?
Бұл жерде барлығы дəрі-дəрмек мысалына ұқсайды.
Кез келген
медициналық препарат жайында пікірлер оқып көріңіз. Ол жақта «Ол
маған көмектесті», «Маған мүлде жақпады», «Ғажап дүние!»
«Ақшаны сыпырып алады, бірақ пайдасы жоқ» деген түрлі пікірлер
болады.
Кез келген техника мен əдістердің жағдайы бірдей. Кейбіріне
көмектессе, енді біріне пайдасыз болып шығады. Сондықтан мен əркім
өзі жасайтын формулаға сенемін. Жеке рецепт, дара жоба болсын.
«Өзімнің жолым» деген қай жол?
Барлығына бірдей табыс алып келетін ешбір əмбебап əдіс
жоқ екеніне
мен кəміл сенімдімін. Міне, сондықтан жазғанымды өз өміріңізде
тексеріп көруге кеңес беремін. Айтқандарыма сөзсіз сене беріңіз
демеймін.
«Өзіңнің үздік нұсқаң бол» кітабының
3
авторы Дэн Вальдшмидт былай
дейді: «Табыс деп жасап жатқан істі айтпайды. Табыс –
өзің сезіне
алатын дүние».
3
Орыс тілінде таратылған: Вальдшмидт Д. Будь лучшей версией себя: Как обычные люди
становятся выдающимися. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015.
Мен бұл сөзбен келісемін. Табысқа жетудің ең қарапайым жолы – жан
дүниеңнің күшін жарыққа шығару. (Бұл жайлы толығырақ мəлімет алу
үшін
«Адамның ішкі күші. Виртуалды cash back. Ғаламнан
қалағаныңды қалай алуға болады?»
бөлімін оқыңыз.)
...Бірде семинардан кейін табысты бизнес-тренерге бір жас жігіт
келіп: «Мен қашан өзімнің success story-ымды жазамын?» – деп
сұрайды.
Сонда тренер былай деп жауап беріпті: «Оны ешкім білмейді.
Бастысы – үнемі тырысу. Бəлкім, сен бір талпыныспен-ақ
табысты боларсың. Бəлкім, бір жылдан
кейін немесе араға бес
жыл салып жетістікке жетерсің. Қалай болғанда да, əр жаңа
талпыныс сенің мүмкіндігіңді арттырады».
Достарыңызбен бөлісу: