Лат annotatіo ескерту, аңдату кітаптың



Дата23.07.2023
өлшемі16,11 Kb.
#179582
Байланысты:
Аннотация


Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптыңтоптама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама, алайда бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар. Мысалы, профессор Т.Кәкішев «Аннотация белгілі бір шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді» десе, екінші біреулер «Аннотация - шығарманың қысқаша мазмұны» деген сипаттаманы ұсынады. Аннотация, әдетте, кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын жазба түрінде және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласында кездеседі. Аннотацияға қойылатын талаптардың өзіндік ерекшелігіне қарай, кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Баспасөз беттерінде жүретін аннотациялар көп жағдайда көпшілікке арналып, кейде рецензияға айналып кетіп жатады. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруікітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет