äŋgіmе, әліпби –älipby, әріп –ärip, дәстүр –dästür, әскер –äsker, дәм–däm, әнші –änşi, атакәсіп –atakäsip, дәреже –däreje, өнеркәсіп – önerkäsip, әлжуаз– äljwaz; ғажайып –ğajayıp, ғаламшар –ğalamşar, ғарышкер – ğarışker, дағдарыс – dağdarıs, данышпан – danışpan, даңғаза – daŋğaza, дағдарыс –dağdarıs; дереккөз –derekköz, өкілдік – ökildik, көрсету – körsetw, көбелек – köbelek, өнер –öner, сөз – söz, дөңгелек – döŋgelek; үй –üy, үстел – üstel, үйірме –üyirme, күлкі – külki, дүниежүзі –düniejüzi, дүниеқоңыз – dünieqoŋız, ержүрек – erjürek; жабдықтаушы –jabdıqtawşı, жазбаша – jazbaşa, жарғыш – jarğış, жарықсүйгіш –jarıqsüygiş, жауапкершілік – jawapkerşilik т.б. Бұл әліпбидің жақсы жағы – ықшам әрі түсінікті. Әсіресе бала жазғанда қиналмайды.
Ал екінші әліпби ағылшын клавиатурасына негізделген 24 әріптен тұратын техника мамандарының интернет жобасы. Бұл жоба 24 әріптен және 8 диграфтан (қостаңба) тұрады. Негізгі әріптер – Аа –Аа, Бб – Bb, Вв – Vv, Гг – Gg, Дд – Dd, Ее –Ee, Зз – Zz, Йй –Jj, Кк – Kk, Ққ – Qq, Лл – Ll, Мм – Mm, Нн – Nn, Оо – Oo, Пп – Pp, Рр – Rr, Сс – Ss, Тт – Tt, Уу – Ww, Ұұ/Уу – Uu, Фф – Ff, Хх – Hh, Ыы – Yy, Ии /Іі – Ii. Диграфтар – Әә – Ae ae, Өө – Oe oe, Ү ү – Ue ue, Ч ч – Ch ch, Ғ ғ – Gh gh, Ң ң – Ng ng, Ш ш – Sh sh, Ж ж – Zh zh.
Бұл әліпби біздің қазақ балалары үшін ыңғайлы және тиімді бола ма дейтін болсақ, мәселен Аа, Bb, Vv, Gg, Dd, Ee, Zz, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Ww, Uu, Ff, Hh, Yy, Ii әріптері лингвистикалық тұрғыдан ешқандай дау тудырмайды, ал қос әріп таңбасымен берілетін диграфтар жайында ойлану керек. Өйткені бұл әліпбиде 8 диграф бар. Бұл дегеніміз өте көп. Әсіресе бұл диграфтар бір сөзде кездескенде сөздің тұрқы бұзылып, ұзарып кетеді. Мысалы: Алтыншаш – Altyn
Достарыңызбен бөлісу: |