shash, әңгіме – aenggime, көңілді – koengildi, рухани жаңғыру – ruhani zhangghyru, әліпби –aelipbi, әріп – aerip, дәстүр – daestuer, әскер – aesker, дәм – daem, әнші – aenshi, атакәсіп – atakaesip, дәреже – daerezhe, өнеркәсіп – oenerkaesip, әлжуаз – aelzhuaz; ғажайып – ghazhajyp, ғаламшар – ghalamshar, ғарышкер – gharyshker, дағдарыс – daghdarys, данышпан – danyshpan, даңғаза – dangghaza, дамушы ел – damushy el; дереккөз –derekkoez, өкілдік –oekildik, көрсету – koersetu, көбелек – koebelek, өнер – oener, сөз – soez, дөңгелек – doenggelek; үй – uej, үстел –uestel, үйірме – uejirme, күлкі – kuelki, дүниежүзі –dueniezhuezi, дүниеқоңыз – duenieqongyz, ержүрек – erzhuerek; жабдықтаушы – zhabdyqtawshy, жазбаша –zhazbasha, жарғыш –zharghysh, жарықсүйгіш – zharyqsuejgish, жауапкершілік –zhawapkershilik т.б. Көріп отырғанымыздай мұндай сөздер қазақ тілінде көп. Әсіресе мектепте оқитын балалар әріптерді шатастырып, қате жазатын болады. Бұл дегеніміз қазақ тіліндегі ә, ө, ү, ч, ғ, ң, ш, ж дыбыстарын диграфпен берудің тиімсіз екендігін көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде ағылшын тілін терең меңгеріп жатқан жастардың бар екенін және компьютерлік техниканың дамып жатқандығын ескеретін болсақ, өз тіліміздің табиғатын сақтайтындай дәрежедегі әліпби жобасын ұсынғанымыз жөн. Сондықтан латын әліпби жобасын толықтай енгізбес бұрын әлі де болса зерттеп, оңайлатудың жолын қарастыруымыз керек. Сол кезде ғана болашақта латын әліпбиі қазақ тілінің табиғатын сақтап қалары анық.
Достарыңызбен бөлісу: |