Практикалық жұмыс №6-7 Python да циклдармен жұмыс Жұмыстың мақсаты



бет1/4
Дата04.03.2023
өлшемі126,71 Kb.
#171018
түріПрограмма
  1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық жұмыс 6-7
бб, соц лекция, python, algebra-analitika

Практикалық жұмыс №6-7 Python - да циклдармен жұмыс


Жұмыстың мақсаты: студенттерді циклды құрылыммен таныстыру

Python-да циклдың екі түрі бар:



  • while

  • for



1. while қайталау операторы


while циклы - шарт алдын-ала берілетін цикл. Python-да while құрылымы белгілі бір программа бөлігін логикалық өрнек ақиқат болып тұрғанша қайталай береді.


while циклының синтаксисі:


while логикалық өрнек:
команда 1
команда 2
...
команда n


while кілттік сөзінен кейін шартты өрнек көрсетіледі және әзірге бұл өрнек True мәнін қайтарып тұрғанда қайталау блогы қайталанып орындала береді.
while циклына қатысты барлық құрылым келесі жолдарда орналасады және жолдың басында бос орын қалдырылады (4 бос орын).


Мысалы: Санның факториалын есептеуді қарастырайық.






Ал егер қадам бойынша қалай өзгеріп жатқандығын көретін болсақ, онда программаны кішкене өзгертуге болады:








break және continue операторлары


break операторы – циклдан шығу
continue операторы – циклдың ағымдағы итерациясынан шығу



break және continue операторларының қолданылуы


Мысалы:



Нұсқа 0-1
2-ден кем емес бүтін сан берілген. Оның 1 санынан өзге ең кіші ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) тап.


Шешімі:
1. Алдымен, int(input(хабарлама мәтіні)) командасымен бүтін санды енгіземіз.
2. Ары қарай і айнымалысына 2 мәнін меншіктейміз. і айнымалысы санауыш рөлін атқарады. Егер і айнымалысының мәніне 1 санын меншіктейтін болсақ, онда есеп шарты орындалмайды, ал нәтиже әрқашан 1-ге тең болады.
3. while циклында логикалық өрнек ретінде 0 санымен салыстырылатын n%i командасы колданылады.
4. Егер енгізілген санды і мәнінің ағымдағы санына бөлген кезде оның қалдығы 0-ге тең болмайтын болса, онда санауыш мәні 1-ге артады.
5. Егер қалдық 0 болса, онда цикл аяқталып, print() командасының көмегімен сәйкес хабарлама мен і мәні шығарылады.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет