Практикалық жұмыс №6-7 Python да циклдармен жұмыс Жұмыстың мақсаты


Өз бетінше шығаруға арналған есептер



бет3/4
Дата04.03.2023
өлшемі126,71 Kb.
#171018
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық жұмыс 6-7

Өз бетінше шығаруға арналған есептер:


Нұсқа 1
1. Нөлмен аяқталатын бүтін сандар қатары келтірілген. Алдымен
а) қатардағы барлық сандардың қосындысын табыңдар;
б) қатардағы барлық сандардың санын анықтаңдар.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Нақты сан берілген – 1 кг кәмпит құны. 1, 2, … 10 кг кәмпит құнының бағасын шығаратын программа құрыңдар.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.


Нұсқа 2
1. Оң санмен аяқталатын теріс сандар қатары берілген. Тізбектегі барлық сандардың арифметикалық ортасын табу керек (оң сан есепке алынбайды).
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. A және B (AЕсепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.


Нұсқа 3
1. n бүтін сандардан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі бірінші сан жұп сан. Келесі барлық бүтін сандар қосындысын табу керек. Шартты операторды қолдануға болмайды.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. A және B (AЕсепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа 4
1. Бүтін саннан басталатын n нақты сандар тізбегі берілген. Тізбектің бас жағында жазылған оң сандар санын анықтаңдар. Шартты операторды қолдануға болмайды.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. a-дан 200-ге дейінгі барлық санның арифметикалық ортасын табу керек (a және b мәндері пернетақтадан енгізіледі, a≤ 200).
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.


Нұсқа 5
1. 2 санының дәрежесі болып табылатын қандай-да бір N (> 0) бүтін саны берілген: N = 2^K. K - ның мәнін, яғни дәреже көрсеткішісін табатын программа құрыңдар.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. a-дан b-ға дейінгі барлық сандардың қосындысын табыңдар (a және b мәндері пернетақтадан енгізіледі; b ≥a).
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.


Нұсқа 6
1. N (> 1) бүтін саны берілген. 5^K > N теңсіздігі орындалатын ең кіші K бүтін санын табу керек.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. a-дан 50-ге дейінгі барлық сандардың квадраттарын қосындысын табыңдар (a мәні пернетақтадан енгізіледі, 0 ≤a≤50).
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа 7
1. N (> 1) бүтін саны берілген. 2^K > N теңсіздігі орындалатын ең үлкен K бүтін санын табу керек.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. Нөлмен аяқталатын бос емес бүтін сандар тізбегі келтірілген.
Табу керек:
а) тізбектегі сандар қосындысы;
б) тізбектегі сандар саны.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.


Нұсқа 8
1. N (> 0) бүтін сан берілген. Бүтінсанды бөлу амалын пайдалана отырып, оның цифрларының саны мен қосындысынтабу керек.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. n нақты сандар тізбегі берілген. Тізбектің бірінші саны - тақ сан. Тақ сандар қосындысын табу керек. шартты оператор қолдануға болмайды.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
Нұсқа 9
1. 1, 5 10, 16, 23, ... сандар тізбегінен n-нен үлкен бірінші санды табу керек.
Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.
2. 1, 4, 9, 16, 25, ... сандар тізбегінен n-нен үлкен бірінші санды табу керек.
Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет