14. Қазақ жазуының зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар
Негізінен қазақ тілінің орфография, графика саласы бойынша 1920 жылдардан бастап нақтылы және мақсатты түрде зерттеулер жүргізіле бастады. Осы саланың дамуына өз үлесін, еңбегін, сара жол салған, тың ой, саралап-сараптанған пікірлерімен, құнды- ғылыми тұжырымдарымен, ерең із қалдырған көптеген жазушыларымыз бен зерттеушілеріміз бар. Оларға осы Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов, Елдес Омаров, Халел Досмұхамедұлы, Қошмұхамбет Кемеңгерұлы, Қажым Басымов, Телжан Шонанов, Жүсіпбек Аймауытұлы тағы басқа да ғалымдар зерттеді. Кейіннен осы әдеби тіл нормалары жайлы, орфография және орфоэпия туралы , графика жайында зерттеулер кезегін Мәулен Балақаев, Ісмет Кеңесбаев, Рабиға Сыздықова, Ғұбайдолла Айдаров, Алтай Аманжолов, Әбжан Құрышжанов, Мархабат Томанов, Төлеубай Қордабаев, Мырзатай Серғалиев, Бабаш Әбілқасымов деген сынды зерттеушілеріміз жалғастырып, осы саланың іргелі, толық , жан-жақты зерттелуіне, тереңірек дамуына өзіндік үлестерін қосып, зерттеген. Мәулен Балақайұлы Балақаев профессор, филология ғылымының докторы және ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып саналады. Ғалымның негізгінен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен зерттеулері,еңбектері қазақ тіл ғылымының емле,грамматика, терминология,стилистика, тіл мәдениеті секілді өзекті мәселелеріне арналған. Ғалым қазақ жазуы мен емлесін қалыптастыру үшін де мол үлес қосқан, еңбек сіңірген ағартушы ретінде бағаланды. Оның яғни Мәулен Балақаевтың 1948 жылы жарық көрген «Орфографиялық сөздігі» атты еңбегі бар және осы еңбегі кейінгі жылдары баспа бетін көрген емле сөздіктеріне негіз болып табылды. Аталмыш сөздік осы жазуымызда көптеп кездесетін ала-құлалықты, қателіктерді ретке келтіруге өз септігі мен пайдасын тигізді. Мәулен Балақаев осы қазақ тіл білімінің барлық салаларын қарастырып,солар жайлы еңбек жазды. Қазақ тіл білімінің барлық мәселелерін зерттей отыра, әр тақырып, әр саланы жетік зерттеп, еңбегімен толықтырған.Жаңа емле ережелерінің өзіндік, басты ерекшеліктері мен айырмашылықтары болады. ол тіліміздің ерекшелігі мен заңдылығына сүйемелденіп жасалынғанында. ал алдыңғы ережелерде қазақ тілінің грамматикасының ережесіне қарағанда, орыс тіліндегі грамматикаға көбірек сәйкес әрі дәл келетін. демек орыс тіліндегі төл дыбыстар осы қалпында сақталынып, осы себепті де кірме сөздерді орыс тілінің айтылу ережесіне сәйкес келтіріп айтатын болғанбыз. Мысалы, о деп жазсақ оны а деп оқимыз деген секілді. сонымен қатар бүгінгі күнде кейбір сөздердің жазылғанында бейжайлық болған , яғни бір модельді сөздердің әртүрлі жазылуы. енді осы мәселелер, бейжайлықтардың барлығы өз шешімдері мен жауаптарын табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |