Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді.Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында
педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", " мектеп-колледж-жоо", "колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
1. Педагогикалық коллективтің бағдарлы оқыту жұмыстарына басшылық жасайды.
2. Мектепті жүйелі басқаруды және жұмысты жоспарлауды ойластырады.
3. Мұғалімдер мен оқушылардың оқу іс әрекетін ұйымдастырады.
4. Мектеппен жоғарғы оқу орны арасында байланыс жасайды.
5. Белгіленген есеп құжаттарының (бухгалтер есептерінен басқа мектептің әдістемелік жұмыстары, мұғалімдердің білім көтерулері жөніндегі, жаңа оқу жылы қозғалысы бойынша РИК-83, педагогикалық кадрлар есебін т.с.с.) уақытында жүргізіліп, орындалуын, өткізілуін қамтамасыз етеді.т.с.с.) уақытында жүргізіліп, орындалуын, өткізілуін қамтамасыз етеді.
6. Мұғалім кадрларын іріктеп, орналастыруға қатысады және олардың кәсіптік білімдерін жетілдірулерін ұйымдастырады.
7. Оқу процесін жетілдіруде өз ұсыныстарын енгізеді.
8. Білім сапасын мониторингілеуде әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын үйлестіреді.
9. Оқу-әдістемелік жұмыстарын қорытындылайды.
10. Педагог кадрларды аттестациялауды әзірлейді және өткізуге қатысады.
11. Оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтауға, көрнекті құралдар және техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, кітапхана және әдістемелік кабинеттерді оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруды үйлестіреді.
12. Оқушылар мен мұғалімдер портфолиоларын жүргізуді қадағалап, сараптайды.
13. География, химия,биология, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінің сапалы берілуін қадағалайды.
14. Ғылыми әдістемелік семинарлар,конференциялар,ашық іс -шараларды ұйымдастырады.
15. Мемлекеттік құжаттар мен оқушылардың жеке бас құжаттарының (7-8 кластар бойынша) жүргізілуін қадағалайды, бақылайды.Педагогикалық кадрлардың жеке бас іс қағаздарының,еңбек кітапшаларының жүргізілуін қадағалайды (География, химия,биология,орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің )
16. Мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми қоғамын басқарады. «Зерде» ғылыми зертханасын ұйымдастырады.
17. Оқу үрдісін ақпараттандыруға жауапты.
18. Мектеп директорының бейінді оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары:
- ғылыми әдістемелік кеңес төрайымының орынбасары;
-аттестациялық комиссия төрайымының орынбасары;
-әдістемелік кабинет меңгерушісі.
19. Зерттеу, жобалау,жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту мен оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастырады (интелектуалдық, коммуникативті, танымдық, ақпараттық, азаматтық – құқықтық және т.б)
20. Педагогикалық кадрлардың бейінді оқытуға байланысты кәсіби шеберліктерін дамытып- көтеріп отыруларын ұйымдастыру.
21. Педагогикалық ұжымының бейінді оқытуға байланысты ақпараттық технологияларды енгізуді және оларды жоспарлауларын ұйымдастырады.
22. Мектептегі оқушылардың бейінді оқытылуының жағдайларына мониторингтер мен диагностикалау (болжаулар) жүргізеді.
23. Оқушылардың кәсіби бағдар алуының эффективті және оптимальді жолдарын қарастырады, ұйымдастырады.
24. Мамандық таңдау мақсатындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуларын ұйымдастырады.
25. Мұғалімдер мен оқушыларға осы жұмыстарды ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
26. Білім беру процесін ізгілендіру мақсатында өз ұсыныстарын ұйымдастырады.(ЖОО, колледждер, кітапханалар, өңірлік орталық және т.б)
27. Басқа да білім мекемелері арасында мектеп мерейін көтеретін, оны жарнамалайтын іс-шаралар ұйымдастырады.
28. Жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты мектеп жұмыстарын үйлестіреді.
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша құжаттарды ресімдейді, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
30. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын тағайындау және бекіту үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуын жүргізеді.
31. Ұлттық білім беру деректер қорындағы (ҰБДҚ) кадрлар бөлімі бойынша қызметкерлер туралы мәліметті жүргізуді қамтамасыз етеді.