Лауазымдық НҰСҚаулық Арнайы педагог Әбдірахман Аймереке Камаладинқызы Алматы



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі18,38 Kb.
#181076
түріКодекс
1   2   3
Байланысты:
Дефектолог лауазым

4. Құқықтары
4.1. Мектептің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға, кәсіпптік міндеттерін табысты орындауға қажетті жағдай туғызуды; мектептің директорынан өзінің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету.
4.2. Оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуларының деңгейін, аталған бұзылыстардың ерекшеліктерін анықтауға байланысты оқушыларды тексеру.
4.3. Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау, бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысы бойынша апробацияланған және авторлық авторлық әдістемелерді әзірлеу және қолдану.
4.5. Қатысу құқығы: - мектептің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын, концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бағдарламасын және жоспарлауға; - сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы, құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге; - дефектолог педагогтардың қалалық және облыстық семинарларына, жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға.
4.6. Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми және белгіліғылыми басылымдарда жариялану.
4.7. Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны алу.
5. Жауапкершілігі
5.1.- тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға; - баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін; - түзете білім беру үдерісін жүргізу кезінде баланың өмірі мен денсаулығы үшін; - құжаматтама жүргізу және оны сақтау; - тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын сақтау; - баланы тексеру кезінде (өзінің құзыретінің аясында) негізделмеген тұжырымдама жасау, оның салдарынан баланың дене және психикалық денсаулығының нашарлауы және әрбір баламен жүргізілетін түзету жұмысы нәтижесінің төмендеуі үшін; - оқу жоспарына және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес түзете білім беру бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін.
Құжаттама
1. Оқу жылының болжалды жұмыс жоспары
2. Жұмыс уақытының циклограммасы.
3. Дефектолог мұғалімнің әрбір баланы тексеру хаттамасы мен тұжырымдамасы.
4. МШ оқушыларды Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларының көшірмелері.
5. Балалардың түзету сабақтарына қатысуын есепке алу журналы.
6. Оқушылармен жеке-дара және топтық сабақтардың күнделікті жоспары.
7. Жеке-дара және топтық сабақтардың болжалды жоспары.
8. Түзете дамыту жұмысының бағдарламалары мен әдістері, оның ішінде жұмыстың диагностикалық, ағарту, кеңес беру және басқа да түрлері;
9. Балалардың жеке дәптерлері.
10. Ата-аналармен жұмыс жоспары.
11. Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп.
12. Логопедиялық кабинеттің паспорты.


Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
__________Әбдірахман А.К.
01.09.2023 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет