|
-Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
|
бет | 8/11 | Дата | 20.07.2020 | өлшемі | 74,5 Kb. | | #63335 |
| -Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – депті қарт.
Бала - - Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.
- Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.
Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария.
Үйдегі алтын қазық кім? – депті қарт.
Бала - - Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.
- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|