Јлдихан Ќалдыбаев


Берік. Қой, сен шындап барасың ғой. Аманғайша



бет102/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   371
Берік. Қой, сен шындап барасың ғой.
Аманғайша. Рас айтамын. Шыным – сол.
Берік. Неліктен айтып тұрсың мұны?
Аманғайша. Сүйгендіктен.
Берік. Қайран махаббат-ай, жастың да, кәрінің де аузынан түспе!
Аманғайша. Сен сөйтесің үнемі, бірдеңе айтса, күлкіге айналдырасың. Мейлі, бір түсінерсің әйтеуір махаббаттың не екенін.
Берік. Әлдеқашан түсінгенмін. Сені алғаш көрген сәтте-ақ түсінгенмін.
Аманғайша. Мен де.
Берік. Бұл бос сөзді қояйық, кемпірім. Балаң қай уақытта келемін деп еді, одан да соған қам қылайық.
Аманғайша. Сөйтейік. Кешке жұмыстан соң келеді, қасымда Зәуре де болады деген. Қой, мен магазин аралап, оны-мұны алып келейін.
Берік. Сөйт.


Аманғайша кетеді.
Берік тұрып барып, репродуктордың құлағын бұрайды. Одан әдемі ән төгіліп қоя береді.

Жүрмін сені, туған жер, бастан аңсап,


Тастап кетсем, аяқты басқам жаңсақ.
Аңсағанда өзіңді, атамекен,
Жұбанғанмен сен жайлы асқақ ән сап.


Қайырмасы:

Көшеңде қалған қала,


Балағым, жастығым.
Сен үшін болып алаң,
Түн өтіп, асты күн.
Ұлыңа болма нала,
Құшағыңды аш бүгін.

Өзіңде қауыз ашқан гүл өпкем-ді,


Арман алыс, мақсат кеп күн өткен-ді.
Басқалық болғаннан соң махаббатым,
Лағып кеткем күйттеп күнелткенді.


Қайырмасы:

Шіркін, гүл-қыз, сен едің айтар әнім,


Болмадың махаббаттың байқар мәнін.
Кездесе қалсаң егер осы сапар,
Қалар ма екен ауылға қайтар әлім?


Қайырмасы:


Ән аяқталды. Біреу есік қағады. Берік өң мен түсті ажырата алмас хәлде басын көтереді. Есік қаттырақ қағылады.


Берік (сергіп). Да. Есік ашық. Кіріңіз.


Тәттігүл кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет