Шаншар атай қатты кейіп). Сөйт-сөйт. Шешеңнен де пара беріп туған шығарсың сен, сірә. Мұнымен көпке бармассың сен, Мұсатай, мен бірдеңе білсем.
Мұсатай. Осы бригадирлік пе, сонда қимайтындарың? Онда барып жамандаңдар бастыққа. Шауып алса, көрерміз. Ара түспей-ақ қой, ағайын. (Кетіп бара жатып). Әй, Әшірбек, ұмытып барады екем, ертең таңертең кел, Иман шалдың арбасына отырғызам.
Шаншар атай. Тоқта, тоқта. Сәл аял қылшы бері. Сен өзі өсек таситын кім деп жүрсің мұндағы елді? Жасымда үйір болмаған қылықты қартайғанда істейді деп пе едің?
Мұсатай (қолын сермеп, кетіп бара жатып). Тоқтайтын түк те жоқ. Еріккен шалмен ерігіп еще.
Шаншар атай. Солай де. Жөн-жөн. Жігіттің бүйтіп болғаны – жуадай жайрап солғаны. Бар, бар.
Әлипа (есік көзінен көрініп). Шалым-ау, шайға жүр. Жетер енді. (Кетеді).
Шаншар атай (балаларға). Айтпадым ба, жаңа? Әне шайға шақырып жатыр. (Балалар да, атай да қыран күлік болады. Атай орнынан тұрып). Ал, шайға жүріңдер, балалар.
Достарыңызбен бөлісу: |