Тергеуші. Пәлесің, шал!
Сәлім. Бағанадан бергі «сізің» қайда? Бала, біліп қой, шені бар адамдар «сіз» – деп сөйлесер болар.
Тергеуші. Заңды, заңның өкілін сыйламаған адаммен «Сен» – деп сөйлеседі.
Сәлім. Үлкенді сыйлауды мүлде ұмытқан екенсіңдер сендер, қазақ жастары. Мен сендей оспадарсызбен сөйлеспеймін, команда беремін. Тыңда менің командамды: Тік тұр! Артқа бұрыл! Бас аяқты! Босат палатаны! (Тергеуші не істерін білмей абыржып тұр. Сәлім одан сайын ашуға булығып). Мен кімге айтып тұрмын? Мен енді өз қылығым үшін жауап бере алмаймын. Бол! Жалтырат табаныңды!
Тергеуші. Абайла, полковник! Көзіңді ашып қара, кімге әкіреңдеп тұрсың өзі?