Јлдихан Ќалдыбаев


Сәлім. Бізден сұрамай ма? Тергеуші



бет178/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   371
Сәлім. Бізден сұрамай ма?
Тергеуші. Сұрамайды.
Сәлім. Қызық екен!
Тергеуші. Сонда қалай, біреуді ұрып-соғу, дене жарақатын салу қылмыс емес демексіз бе?
Сәлім. Қылмыс.
Тергеуші. Олай болса, көмектесіңіз бізге оны ұстауға.
Сәлім. Жоқ, менен ондай көмек күтпе.
Тергеуші. Сіз түсінсеңізші, мынандай қатыгездікке барған адам – айналасындағыларға аса қауіпті. Ол арамыздан аластатылуы керек. Бүгін ол сіздің қолыңызды сындырған екен, ертең біреудің басын жарып, көзін шығарады, тонайды, ұрлайды. Не, сонда сізге сол керек болғаны ма?
Сәлім. Маған ештеңе керегі жоқ.
Тергеуші. Тергеуге әрбір азамат көмектесуі тиіс. Сіз – зорлық көріп отырған адамсыз. Меніңше, сіз жәбірленушінің кім екенін білесіз.
Сәлім. Алысқа барасың, лейтенант. Білемін, айтпаймын. Мен өзімді жәбірленушімін деп санамаймын. Ол да, мен де еркекпіз. Ол жастығын жасап, жарадар етсе, жеңгені де. Сол үшін біреуді сендерге кіріптар да, жем де қылғым келмейді.
Тергеуші. Кіріптарыңыз – мақұл, қамауға алынса, кіріптар болмай қайтсін? Ал, жеміңізді қалай түсіндік?
Сәлім. Түсінбей тұрған шығарсың жаман қатты. Оным – сен ол сорлыны қорқытып-үркітіп, жиған-тергенін сыпырып аласың да қоя бересің дегенім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет