Фатима. Мүмкін.
Сәлима. Мүмкін емес, солай. Мен бұл сөзді Сәлімге сенген соң айтып отырмын.
Фатима. Ал, мен сізге сенемін, мама!
Сәлима (разы кейіппен). Жұмысыңа бара ғой, Фатима! Кешігіп жүрересің, тездет!
Фатима. Міне, кеттім.
Фатима кетеді.
Сәлима. Айналайын, осы келін болмаса, Қайрат қайтіп күн көрер?
Төртінші көрініс
Аурухана палатасы. Сол қолы гипстеліп мойнына асылған Сәлім мен тергеуші, милицияның лейтенанты сөйлесіп отыр.
Тергеуші (қадалып). Полковник жолдас, сіз босқа қасарыса бермеңіз. Одан да бұзақының ерекше белгілерін есіңізге түсіріп көріңіз. Жалпы ол туралы не білесіз, бірін қалдырмай айтыңыз.
Сәлім (жақтырмай). Айттым ғой, мен ештеңе айтпаймын. Сендерді кім шақырды өзі?
Тергеуші. Мұнда адам жарақат алып түскен екен, бізге сол заматта автоматты түрде хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |