Јлдихан Ќалдыбаев


Сапар. Қайдағы шер сендегі? Сенікі – кекірік ату. Әкім



бет306/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   371
Сапар. Қайдағы шер сендегі? Сенікі – кекірік ату.
Әкім. Аға, әкім тұрмақ Президенттің де қайғы-мұңы, шері болады. Армансыз адам болмайды. Адамды аспанға алып ұшатын да, жерге алып ұратын да арман.
Сапар. Қалай жақсы айтатын болғансың сен, Қасқабай. Мен сені енді түсінгендеймін. Қайтайын. Бірақ абайла! Әкім деген оңай қызмет емес. Біздің Елбасымыз адам таниды. Сенім артқан екен, үдесінен шық.
Әкім. (орнынан тұрған Сапардың қолын алып). Жақсы, аға! Сау болыңыз!
Сапар (есікке беттеп бара жатып). Бала, абайла!
Әкім. (дел-сал қарап тұрып). Көреміз, аға!
(Орынтағына отырып). Не істедім мен, апырау! Жын ұрған шығар мені тегі! Қап, қарашы, сау басымды саудаға салғанымды. Өзгеге жасаған жамандығым өзімді тауып жүрмесін. Қайтіп қана құтылармын бұл пәледен?!
Қордабаев (жылт етіп кіріп, асығып-аптығып). Қасқабай Төреқұлович, осы қазір Ерік Көбенович Астанадан ұшып шықты. Ұшағы бір сағаттан соң жолай біздің әуежайға келіп қонады.
Әкім. Онда жүріңіз, кеттік. (Сәл кідіріп). Әй, бірақ ол кісінің көңілі қалып қалған шығар.
Қордабаев. Ерік Көбенович түсінеді бәрін. Ол кісі жасып-жабырқауды білмейді, жауынгер. Кешірімі мол, кемеңгер.
Әкім. Менің машинамды шақыртыңыз, сіз екеуміз әуежайға барамыз. Ешкімді ертудің қажеті жоқ.
Қордабаев. Сол дұрыс (сәл кідіріп). Сансызбаев пен Ахметов біліп қойып, бара қалса, қайтеміз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет