Әкім. Осыдан келгенді көрдім, апарыңдар абақтыға!
Прокурор. Апарамыз. Жабамыз. Тергеуге аламыз. Бәрін жасаймыз. Әкімдеріңіз мерзім алады, сонда не болады? Қазақстанда парақорлық тоқтай ма? Әй, қайдам, қайта өрши түсетін шығар. Неге, өйткені оның тамыры тым тереңге кеткен.
Генерал.Ия, сөйткен. Мынау әшейін бергі жағы. Мұның әкесіндей параны жалмап, жалғанды жалпағынан басып жайнап жүргендерде есеп жоқ.
Әкім. Бұл айтып отырғандарыңыз – бос сөз, ал мынау – факт. Сіздер факт бойынша әрекет ететін құрылымдардың басшысысыздар. Мен артық ештеме талап етпеймін, бәрі заң құзіреті ауқымында болсын.
Прокурор(орнынан тұрып). Өзіңіз біліңіз. Сіз айттыңыз, біз орындаймыз.