Јлдихан Ќалдыбаев


Санатбай. Ой, ата, құрысын зіл қара тас екен. Шаншар атай



бет48/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   371
Санатбай. Ой, ата, құрысын зіл қара тас екен.
Шаншар атай. Дұрыс айтасың. Сен өзі сөзге жүйрік жігіт боларсың түбінде. Ендеше, біліп қой, дүниеде диқан қолымен өсірілген дәннен ауыр еш нәрсе жоқ. Ең тәтті дәм де сол. (Санатбай атайдың сөзін тыңдауға мұршасы келмей, қарбызды жерге қоя береді). Мұныңа жол болсын, батыр. Сөз тыңдап ал алдымен.
Санатбай. Құрысын, өлдім. (Қираң етіп отыра кетеді).
Шаншар атай. Мынау қайтеді-ей? Тұр. Елден ерекше өтіріктен-өтірік қиқалақтауын, пәтшағар. Қолыңдағы аз боп тұрған шығар мүмкін. Тағы қосайын онда. (Атай оған қарсы жүреді. Санатбай орнынан ыршып тұрады). Солай ма екен? Сенімен сөз басқа әлі? (Балаларға). Сендер көп қорықпай-ақ қойыңдар. Еш жаққа да сүйрелеп әурелемеймін мен сендерді. Өз жазам да жетеді. Бұл жаққа енді қайтіп жоламайтындай қылып сілелерің қатқанша өстіп тұрғызамын да жіберемін бәріңді. Оның үстіне мына Бекеннің де жаны ашып отыр екен. Екеуміз қазір бір тілектің адамымыз. Санаспасам, болмас. (Санатбайға). Ал сені ұстағаным ұстаған. Оқуға да, ешқайда да бармайсың сен енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет