Јлдихан Ќалдыбаев


Тәттігүл. Қайдағы уәде? Балқия



бет62/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   371
Тәттігүл. Қайдағы уәде?
Балқия. Ойланып көрсең ше?
Тәттігүл. Нені ойланамын?
Балқия. «Зәурені Ерланға беремін», – дейтінің қайда? Соны ойлан.
Тәттігүл. Қайдам?
Балқия. Несі қайдам? Сөзді қой, Зәурені Ерлан алады.
Тәттігүл. Сіз екеуміз туысқан емеспіз бе?
Балқия. Туысқанбыз, бір елдің қызымыз. Онда тұрған түк те жоқ. Әлім мен Оспан бір-біріне бөтен, қыз алысатын рулардан.
Тәттігүл. Қайдам? Бірдеңені бүлдіріп алып жүрмесек болыпты да, әйтеуір.
Балқия. Мен не айтып тұрмын саған. Байқаймын, түлкі бұлтаққа салайын деп тұрған сияқтысың.
Тәттігүл. Қойшы, құрысын, онысы несі тағы? Тәте-ау, адамда бас бостандығы деген болмай ма?
Балқия. Болады.
Тәттігүл. Болса, бұл мәселені Зәуренің өзі шешеді.
Балқия. Жоқ, Зәуре де, басқа да емес, сен екеуміз шешеміз.
Тәттігүл (ығып). Кім біліпті, жігітін ертіп келіп таныстырайын деп отырған қыз көне ме айтқанға? Оның үстіне Зәуре – орысша оқыған, тік мінезді, алған бетінен қайтпайды.
Балқия. Көнеді. Көндіреміз. Жоқ, әлде, бізбен құда-құдағи болғыларың келмей ме?
Тәттігүл. О не дегеніңіз, тәте-ау! Сіздермен құда-құдағи болсақ, арман қане!
Балқия. Бәсе, солай демейсің бе бірден! Жездең: «Зәуре – бір айналайын бала. Бұйырса, асқан келін болады», – деп аузынан бір елі тастамайды. Ойбай, мынауыңды естісе, өлер ол байғұс!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет