Јлдихан Ќалдыбаев


Тәттігүл. Асықтырмаймын, қойдым бәрін. Зәуре



бет100/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   371
Тәттігүл. Асықтырмаймын, қойдым бәрін.
Зәуре. Егер бүйте берсеңіз, Ерлан екеуміз қосыла саламыз. Әуелім Ерлан: «Ақыры келген екен, әке-шешем саған құда түссе қайтеді?» – деді жаңа.
Тәттігүл. Сен не дедің?
Зәуре. Қайдам дедім.
Тәттігүл. Онда ертең Ерланға айт, әке-шешесі келсін, құда түссін. Көрейік, бас-аяғы әжептеуір адамдар болса, рұқсатымызды берейік.
Зәуре. Мама, сіз Ерланның папасын тануыңыз да мүмкін. Ол кісі осы қалада туып, өсіпті.
Тәттігүл. Аты кім екен?!
Зәуре. Берік.
Тәттігүл. Ол қай Берік болды екен, а? Тоқташы, Ерланның фамилиясы кім өзі?
Зәуре. Оразбаев.
Тәттігүл (селк ете қалады). Қызым, бұл дүниеден байсыз өтсең де тимейсің сен Беріктің баласына!
Зәуре. Сіз қызықсыз, мама! Аяқ астынан құбылғаныңыз қайткеніңіз?
Тәттігүл. Сөйткенім.
Зәуре. Қайырлы түн, мама! Мен кеттім, жатамын, ұйқым келді.
Тәттігүл. Тоқта, сөз тыңда!
Зәуре. Сіз мен тыңдайтын сөз айтып тұрған жоқсыз. Мен түсіне алмадым бүгін сізді.


Кетеді.


Тәттігүл. Бар-бар, жат. Бүгін тыныш ұйықта, ертең бәрін түсінесің. Әкең де, бәрің де түсінесіңдер.

ЕКІНШІ БӨЛІМ


Төртінші көрініс
Қонақ үйінің екі бөлмелі люксі.
Оның залында Берік пен Аманғайша терлеп-тепшіп шәй ішіп отыр.


Берік (тоқ пейілмен). Бір көрсем, деп жүруші едің, міне, енді реті келді. Менің кіші Отаным – осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет