Јлдихан Ќалдыбаев


Тантай. Байы болыстың баласы болатынын ұмытпасын. Көбен



бет336/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   371
Тантай. Байы болыстың баласы болатынын ұмытпасын.
Көбен (Жігіттерге). Жүріңдер, барайық, айтайық: «Айтысты тоқтат»,-дейік. (Мосқал кісі мен Тантайға). Әй, бірақ қайдам-ау, ештеңе шықпас. Ақынның аузын кім жапқан?!
Тантай. Біз жабамыз! Менің әкем Ноғайбайдың ызғары жабады.
Жігіттер есікке беттейді.
Үшінші көрініс


Бірінші көріністегі сурет. Айырмашылығы – айтысты қызықтаушылар көбейіп кеткен. Бәрі есіктен ентелейді, айтыс қызығына беріліп, қызды-қызды сөз айтады.

  • Сауытбек, жосылт!

  • Ақбөпе, қаймықпа! Қыпшақ Шуда отыз үй болғанымен, Арқада көп.

Соларды арқаланып айт!

  • Сауытбек, қадалған жеріңнен айырылма.

  • Ақбөпе, Қобыланды атаңның аруағы қолдасын!

  • Сауытбек, Бәйдібек бабаң жебесін!

Сауытбек:
Кедейге сұлу қыздар қарай ма екен,
Би менен болыстардай санай ма екен.
Қалыңға берерге мал, мінерге ат жоқ,
Үйлену кедейлерге оңай ма екен?
Ақбөпе, баратының болыс елі,
Қордай мен Ұзынағаш қонысы еді.
Өзіңдей жақсы қыздар солардікі,
Кедейге келтек боп жүр сонысы енді.
Ноғайбай бағы жұрттан асып тұрған,
Болыстың аруағы тасып тұрған.
Шіркін, сол Ноғайбайға кім батады,
Сөзіне үйсін, дулат жатып-тұрған.
Ақбөпе:
Сауытбек, жарамайсың, сөзің жасық,
Өтпестей боп қалыпсың жаман жасып.
Дәрежең жаныстармен тең емес пе,
Шымырдан кете алмайды жаныс асып.
Сауытбек, ишараға түсінбедің,
Қалған ба кедейліктен миың ашып.
Сауытбек:
Ақбөпе, шын сөзіңе жол беремін,
Орынды бұл сөзіңді оң көремін.
Ойға алған бір арманым орындалды,
Жеңілдім, енді сізге жол беремін.
Шымырлап сөзің батты сүйегіме,
Әр сөзің ыстық тиді жүрегіме.
Аңсаған арманымды өзің айттың,
Басқаның енді маған керегі не?
Ақбөпе:
«Тор жайсам,-деп едіңіз,-тұйған құсқа»,
Ойлама, «жетпейді»,-деп, - қолым қысқа».
Ақ тұйғын шақырмай-ақ өзі барар,
Керетін торыңыздың жолын нұсқа.
Ойлаған мақсатыңыз орындалсын,
Қолыңды бергін маған, қолымды ұста.
Сауытбек орнынан тұрып барып, Ақбөпеге қолын береді.
Ақбөпе ұяң жымиып, Сауытбектің қолын алады.
Жұрт шулап қоя береді.

  • Ақбөпе жеңді.

  • Қыпшақтың қызы керемет екен!

  • Сауытбек те ер ғой, шіркін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет