Тергеуші. Мен істі қайтіп жаппақпын сонда?
Сәлім. Іс ашу үшін мен арыз беруім керек еді, бермедім. Ендеше ашылған ешқандай іс жоқ. Алдағаныңызға иланатын ашықтауызың мен емес. Қайта бер. Мен шаршадым, демалуым керек, босат палатаны.
Тергеуші (кекесінмен). Әй, әскери адамдар! Әттең, жарадарсың, ауруханада жатырсың, әйтпесе, шырқыратып тұрып шыныңды айтқызар едім!
Сәлім. Сендер сөйтесіңдер, қолдарыңа түскен адамды ұрып-соғып, ойларыңа келгенді істейсіңдер. Ол – маған белгілі.
Тергеуші. Жарар-жарар! Жат, жата бер. Сол қылмыскер екінші қолыңды сындырса да ешкім келмейді енді саған.
Сәлім. Келмеңдер. Милициясыз да қазақтың тауығы шақырып, таңы атқан.
Достарыңызбен бөлісу: |