Лебяжі ауданының Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп «Сыңғырла, күміс қоңырау!»



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі221 Kb.
#77781
1   2   3
Байланысты:
0002f5ee-8414ace1
stud.kz 405371, stud.kz 405371
1-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік. /қонақтар таныстырылады/
2-жүргізуші: 1. ____________________________________________________
1-жүргізуші: 2. ____________________________________________________
2-жүргізуші: 3. ____________________________________________________
1-жүргізуші: 4. ____________________________________________________
2-жүргізуші: 5. ____________________________________________________
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемен құттықтау сөз мектебіміздің директоры Осумханова Балжан Молдағалиқызына беріледі.
2-жүргізуші: Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз біз өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиынымызда
Құрметпен өзіңізге сөз береміз!
1-жүргізуші: Құттықтау сөз___________________________________________________ беріледі.
2-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батылдығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.- дей келе зейнеткер ұстаз ___ сөз беріледі.
1-жүргізуші: Мектеп ана күліп қарап тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығады әліппені алуға
Еліміздің тірек болар ұрпағы!
2-жүргізуші: Келесі сөз мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына беріледі. /1-сынып оқушылары сөз сөйлейді/
1-жүргізуші: Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарын құтты болсын!
2-жүргізуші: Шын ниетпен айтылсын бұл сөзіңіз,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Тәрбиелеп, білімге үйретіңіз,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. - құттықтау сөзі 1-сынып жетекшісі Тасимова Таншолпан Токтаровнаға беріледі.
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат аталады,
Өз елі оныменнен мақтанады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз 1-сынып бүлдіршіндерінің әжелеріне беріледі.
1-жүргізуші: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.
Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,
Құттықтайды оқушылар баршаңды. - сөз кезегі жоғары сынып оқушыларына беріледі. / 9- сынып оқушылары сөз сөйлейді/
2- жүргізуші: Күмбірлейді туған жердің бел, өрі
Күмбірлейді қайың, шырша , терегі.
Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
Бүгінгі күн білім күні себебі.
- «Алғашқы қоңырау» өлеңің 2-сынып оқушысы, Байсал Елжас оқиды
1-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.!
– Биылғы жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу рәсімі, 9-сынып оқушысы
Болат Айдана мен 1-сынып оқушысы Мұхаметрақым Нұрханға беріледі./қоңырау
соғылады/
2-жүргізуші: Қоңырау алғаш рет күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп жез қоңырау үніменен
Білімді ұрпақтар тобы еріп келді!
1-жүргізуші: Топтар мен бірлестіктер түзу тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!
2-жүргізуші: Мектеп бүлдіршіндері – 1 сынып оқушылары алғашқы рет мектеп табалдырығын аттау рәсіміне ортаға шақырылады. /лента қию. Альбина мен Нұрхан/ (Музыкамен мектепке кіреді). 
1-жүргізуші: Бұл мереке әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан мерекенің соңында
Сәттілікті ниеттеп тәтті шашу шашылар!
/шашу шашылады/
2-жүргізуші: Құрметті халайық! 1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! 2-бөлім сынып бөлмелерінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты сынып сағаттарымен жалғасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет